14 Тамыз, 2016

КХДР «титтей арандатушылық» үшін АҚШ-қа соққы бермекші

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-08-16-KXDR

Солтүстік Корея Құрама Штаттарды елдің ішкі ісіне араласуға әрекет жасайды деп айыптап, енді титтей ғана арандатушылық болса, оған ядролық соққы беретінін айтып, қоқан-лоққы жасады. Корея Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, КХДР билігі Құрама Штаттарды өз еліне басып кіруге әрекет жасамақшы деген айыптаған. Сондықтан енді титей ғана арандатушылық байқалса, АҚШ-қа ядролық соққы беретінін мәлімдеген. «КХДР-дың қарулы күштері қазіргі әскери текетірес жағдайынан дұшпандарының қолайсыз әскери арандатушылығына ескерту соққыларын беру режиміне көшті. Олардың барлық жедел топтары титтей ғана арандатушылық оқиғасы орын ала қалса, дұшпанға аяусыз және жойқын соққы беру үшін толық дайындық сапына қойылды», - делінген осыған байланысты таратылған хабарламада. Айта кететін жайт, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын биылғы мамыр айында КХДР-дың бұрынғы жауларымен қалыпты қарым-қатынас орнатуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Мұрат АЙТҚОЖА