14 Тамыз, 2016

Рио-2016: Бүгін боксшылардан кімдер рингке шығады?

236 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

16-08-16-box_jen-1

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындар шеңберіндегі боксшылар бәсекесі бүгін кешке өзінің ең алғашқы чемпионының есімін атайды. Спорт жанкүйерлері бұл жолы боксшылар турнирінің бұрынғы ешбір жарыстағыға ұқсамайтын схема бойынша өтіп жатқанын байқаған шығар. Ол әдеттегідей іріктеу, ширек финал, жартылай финал және финал кезеңдерінің барлық салмақтарда бірдей қатарласа жүріп жатпағандығынан көрінеді. Сондықтан бір салмақтағы боксшылар іріктеу кезеңінен енді шығып жатса, ендігі бір салмақтағылар чемпиондар аттарын анықтауда, тағы бір салмақтарда ширек финал енді басталса, келесі бір салмақтарда жартылай финалға кезек келеді. Сөйтіп, әр салмақтағы чемпиондар да әр күні анықталатын болып шықты. Бұрынғыдай бір күнде ойналатын финал бұл турнирде жоқ. Осылайша бүгін 49 килоға дейінгі салмақтың чемпионы анықталғалы тұр. Ол өзбек Хасанбой Дусматов пен колумбиялық Юберген Хемей Мартинестің арасындағы ұрыста шешіледі. Осылайша күн сайын кезектесіп бірер салмақтың мықтылары белгілі болып шығады. Енді бүгін рингке шығатын былғары қолғап шеберлері жұптарымен, олардың кездесетін уақыттары туралы деректермен таныс болыңыздар. 14 тамыз. Күндізгі сессия Әйелдер. 75 кг. 1/8 финал. 20:00. Ярослава Якушина (Ресей) – Ниен-Чин Чен (Қытай Тайпейі); 20:15. Дариға Шәкімова (Қазақстан) – Ариен Фортин (Канада). Ерлер. 56 кг. 1/8 финал. 20:30. Джон Майкл Конлон (Ирландия) – Арам Авагян (Армения); 20:45. Чатчай Бутди (Таиланд) – Владимир Никитин (Ресей); 21:00. Дмитрий Асанов (Беларусь) – Чендбаатар Ерденебат (Моңғолия); 21:15. Робенилсон де Лесус (Бразилия) – Шакур Стивенсон (АҚШ). 60 кг. 1/2 финал. 21:30. Йорге Лазаро Альварес (Куба) – Робсон Конкейкао (Бразилия). 64 кг. 1/8 финал. 21:45. Виталий Дунайцев (Ресей) – Чинзориг Баатсух (Моңғолия); 22:0. Ованнес Бачков (Армения) – Хунскун Ху (Қытай); 22:15. Фазлиддин Гаибназаров (Өзбекстан) – Минож Кумар (Үндістан); 22:30. Гари Рассель (АҚШ) – Вутчай Масук (Таиланд). 81 кг. 1/4 финал. 22:45. Хулио Сезар Ла Круз (Куба) – Мичел Боргес (Бразилия); 23:00. Матиеу Альберт Баудерлик (Франция) – Карлос Андрес Мина (Эквадор). 49 кг. Финал. 23:15. Юберген Хемей Мартинес (Колумбия) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан). 15 тамыз. Кешкі сессия Әйелдер. 75 кг. 1/8 финал. 02:00. Андрейя Бандейра (Бразилия) – Афейна Билон (Панама); 02:15. Анна Лаурелл Наш (Швеция) – Саванна Маршалл (Ұлыбритания). Ерлер. 56 кг. 1/8 финал. 02:30. Жиавей Жанг (Қытай) – Санг-Муенг Хам (Оңтүстік Корея); 02:45. Мохамед Хамит (Марокко) – Робейси Рамирес (Куба); 03:00. Езеккил Альберто Мелиан (Алжир) – Билел Мхамди (Тунис); 03:15. Қайрат Ерәлиев (Қазақстан) – Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан). 60 кг. 1/2 финал. 03:30. Отгондалай Доржниямбуу (Моңғолия) – Софиян Оумиха (Франция). 64 кг. 1/8 финал. 03:45. Артем Арутюнян (Германия) – Артур Биарсланов (Канада); 04:00. Батухан Гозгек (Түркия) – Эдисон Тейксейра (Бразилия); 04:15. Лоренцо Коллазо Сотомайер (Әзербайжан) – Хассан Амзиле (Франция); 04:30. Пэт МакКормакк (Ұлыбритания) – Ясниер Толедо (Куба). 81 кг. 1/4 финал. 04:45. Джошуа Буатси (Ұлыбритания) – Абделхафид Бенчабла (Алжир); 05:00. Теймур Мәмедов (Әзербайжан) – Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан). Дамир ҚОЖАМҚҰЛ