14 Тамыз, 2016

Рио-2016: Біздің екі палуан жеңіліске ұшырады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-08-16-kebispaev

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда бүгін басталған грек-рим күресі шеберлерінің жарысында қазақстандық екі атлет күш сынасып, екеуі де жеңіліп қалды. Алдымен кілемге шыққан 59 кг салмақтағы Алмат Кебісбаев бірінші белдесуінде жеңіске жетті. Ол 1/16 финалда жарыстың басты фавориті саналып отырған ресейлік Ибрагим Лабазановты 4:0 есебімен ұтты. Бірақ 28 жастағы атлетіміз 1/8 финалда 22 жастағы жапон палуаны Шинобу Отамен белдесуде мұндай айбат көрсете алмады. Сайысты Олимпиада чемпионы, әлемнің алты дүркін чемпионы 30 жастағы ирандық Хамид Сорианды жеңуден бастаған Күншығыс елінің қыраны Алматты 6:0 етіп тізе бүктірді. Біздің 75 кг салмақтағы екінші өкіліміз Досжан Қарпықов өзінің бірінші белдесуінде-ақ ұтылып қалды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ