15 Тамыз, 2016

Рио-2016: Ольга Рыпакова қола жүлдегер атанды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15.08.2016 Olga Rypakova

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруде қола жүлде жеңіп алды. Ол бірінші талпынысында топ бастады. Бірақ сосын екінші орынға сырғып кетті, ал соңынан үшінші сатыға тұрақтады. Атлеттің үздік көрсеткіші 14,74 метр болды. Олимпиаданың чемпионы атағына колумбиялық Катрин Ибаргуэн қол жеткізді. Оның көрсеткіші - 15,17 метр. Күміс медаль 14, 98 метр көрсеткішімен венесуэлалық Юлимар Рохасқа бұйырды. Бұдан төрт жыл бұрын Ольга Лондонда топ жарғанда 14.98 метрге секіріп еді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ