Жақында ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Шри-Ланка Республикасына сапары өтті. Сапары барысында ол Шри-Ланка Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрі Ришад Басиудинмен, осы елдің Ұлттық секция комиссары – «Huejay International» корпорациясының басқарма басшысы Хуберт Джакодимен және іскер топтары өкілдерімен кездесті.
Өнеркәсіп және сауда министрлігінде өткен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. ЭКСПО-2017 Комиссары қабылдаушы жаққа Қазақстанның бастамаларын, сондай-ақ, еліміздің 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы көрмеге дайындық жұмыстары туралы хабардар етті.
Шри-Ланка Комиссарымен өткен кездесу барысында көрмеге қатысу шарттары талқыланды және павильонның орналасу реті белгіленді. Шри-Ланка павильонының аумағы 526 шаршы метр шамасында. Сонымен қатар, Комиссар Хуберт Джакоди ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Шри-Ланка ұлттық күнін 2017 жылы 19 шілдеде өткізуге өтініш білдірді. Аталған шараға Шри-Ланка Президенті Ланки Майтрипала Сирисеннің қатысуы жоспарланыпты.
Рәпіл Жошыбаев Шри-Ланканың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы екіжақты қарым-қатынастардың дами түсуіне айтарлықтай оң әсер ететіндігін атап өтті. 12 халықаралық көрменің Комиссары болған Хуберт Джакоди мырза, Астанада өтетін көрмеге дайындық жұмыстарын жоғары бағалап, Шри-Ланкада «жасыл» энергетика саласындағы қолданыс тапқан технологияларды көрсету жоспарланып отырғанын айтты. Комиссар Хуберт Джакодидің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Шри-Ланканың энергетикалық объектілерінің жалпы қуаты 3,9 ГВт құрап, оның 11%-ы немесе 448 МВт энергиясы жаңартылатын энергия көздері арқылы алынады. Ал «жасыл» энергия шағын гидро және жел электр стансалары арқылы өндіріледі екен. Шри-Ланка 2030 жылға қарай электр қуатын өндіруде жаңғырмалы энергия көздерінің үлесін 100%-ға жеткізуді жоспарлап отырған көрінеді.
Кездесу қорытындысы бойынша, көрме комиссарлары Р.Жошыбаев пен Х.Джакоди Шри-Ланканың Өнеркәсіп және сауда министрі Ришад Басиудин мен Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшісі – Шри-Ланкада елшілік қызметті қоса атқарушы Б.Сәрсенбаевтың қатысуымен Шри-Ланканың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісіміне қол қойды.
«Егемен-ақпарат»

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25