Қазіргі уақытқа дейін Семейде ресми түрде 2 мың жұмыссыз тіркелген. Оның 1404-і уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмапты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 6 айдың қорытындысы бойынша аумақты дамыту бағдарламасы шеңберінде қоғамдық жұмыстарға 30 адам тартылған. Жастар тәжірибесі бойынша – 9, әлеуметтік жұмыстарға 7 адам орналасқан. Біліктілік көтеру, кәсіби дайындық пен қайта даярлықтан өткізуде де белсенді жұмыс жүргізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіби даярлыққа республикалық бюджеттен электр-газбен дәнекерлеуші, қуатты желі бойынша электрмонтаждаушы мен электржабдықтаушы мамандықтарына оқытуға 5 миллион 120 мың теңге бөлінген. Нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша, азаматтарды қайта даярлаудан өткізу қарастырылып отыр.
Жұмыс жақсы жүріп жатыр. Үш айлық мерзімдегі қайта даярлауға биыл 80 адам жіберуіміз керек. Өңдеуші, электр-газбен дәнекерлеуші, қуатты желі бойынша электрмонтаждаушы мен электржабдықтаушы, темір ұстасы, сантехник, тігінші мамандықтарына 7 миллион 914 мың теңге бөлінді, дейді Семей қалалық әкімдігі жұмыспен қамту мекемесіндегі кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы.
Биыл кәсіби мамандығы талап етілмейтін мемлекеттік мекемелердегі қоғамдық жұмыстар 402 адамға берілген. «Аумақтарды дамыту бағдарламасы» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары мен жастар тәжірибесі бойынша 6 айға дейінгі уақытша жұмысқа 170 адам орналасқан. Жұмыс істемейтін тұрғындар үшін мемлекеттік қолдаудың тағы бір түрі әлеуметтік жұмыс орындары десек, осы бойынша 289 жұмыссыз нәпақасын тауып отыр.
Әлеуметтік жұмыстар, жастар тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар бөлімінің бастығы Марина Часовникованың айтуынша, жұмыссыздар, мәселен, құжаттарға көмектесу, аумақты, бөлмені жинастыру сияқты қандайда бір іс-шараға қатыстырылу арқылы еңбек етеді. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мемлекет есебінен 22 859 теңге еңбекақы төленеді. Егер олар қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес өзге де мекемелерге жолданса, онда жұмыс беруші тарапынан тағы да қосымша жалақы төленеді.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38