19 Тамыз, 2016

Қызылорда облысының әкімі Александр Зайчиковке көлік сыйлады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 19-08-16-chempion Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиковті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қабылдап, халықтың және өзінің атынан құттықтады. Сонымен қатар, ауыр атлетшіге Toyota Land Cruiser автокөлігінің кілтін табыстады. «Олимпиадада сен тек зілтемірді көтеріп қана қойған жоқсың, бүкіл қазақстандықтардың рухын асқақтаттың. Александрдың келесі медалі алтын болатынына сенемін. Біз саған алдағы жарыстарға, әсіресе Токиода өтетін Олимпиадаға дайындық үшін барлық жағдайды жасауға әзірміз. Сонымен қатар, батыр ұлды тәрбиелеп, өсірген анасына зор алғыс айтамыз», – деді облыс әкімі. Мұнан соң Александр Зайчиков Олимпиада кезінде жанкүйер болып, қолдау көрсеткен қазақстандықтарға, әсіресе жерлестеріне үлкен алғысын жеткізді. Ол: «Мен Риода жүріп Қазақстан халқының қолдау білдіргенін сезіндім. Қызылордалықтар таңғы 4-те жиналып, менің өнерімді тамашалағандарын білемін. Сіздердің қолдауларыңыз маған күш берді», – деді. Кездесу соңында аймақ басшысы ауыр атлетшінің бапкеріне 5 млн. теңгенің сертификатын тапсырды. Талғат РАЙЫМБЕК  19-08-16-chempion