19 Тамыз, 2016

«Әзірет Сұлтан» мешіті қайырымдылық шарасын өткізді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-08-16-Mechyt 3 Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа оқу жылы алдында елордадағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қуаныш сыйлады. Мешіт ашылғалы бері желісі үзілмей ұйымдастырылып келе жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында биыл да өткізіліп, білім іздеген бүлдіршіндердің талабына қолдау танытты. «Мектепке жол» акциясы мәресіне жетіп, «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы табыстау рәсімі болды. Астана қаласындағы жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек ретінде ұйымдастырылған іс-шарада 221 оқушыға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке сыйға берілді және мектеп формасын алу үшін қаржылай көмек көрсетілді. Игі шарада сөз сөйлеген «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Сатыбалдыұлы Ислам дініндегі оқу-білімнің орны жайлы айта келе, балаларды оқуда озат болуға шақырды. Білімге құштар жас бүлдіршіндерге қуанышын шарықтатып, шаттыққа бөлеген бұл акцияда жалпы құны 3 757 000 теңге жұмсалды. Аян ӘБДУӘЛИ Фото: muslim.kz 19-08-16-Mechyt 19-08-16-Mechyt 2