Қапшағай су қоймасында осы жылдың 28 тамызында триатлоннан кәсіпқойлар мен әуесқойлардың қатысуымен Қазақстанның «ALTYN ADAM TRIATHLON 2016» І ашық біріншілігі өтеді.
Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, чемпионатқа кез келген тілек білдіруші қатыса алады. Жарыс қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар Қазақстан құрамасына кіреді.
Біріншілікті ұйымдастырушылардың айтуынша, «ALTYN ADAM TRIATHLON 2016» жарысы қарапайым азаматтарға спорт жұлдыздарымен етене танысуға, сондай-ақ, жеңіске деген құлшынысын оятып, күш-қуатын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан триатлон федерациясының президенті Мұратхан Тоқмадидің сөзіне қарағанда, біріншілікте шетелдерден де спортшылар келіп сайысқа түседі. Олардың арасында триатлоннан (ITU-Халықаралық триатлон одағы) әлемнің 3 дүркін чемпионы Пол Амей бар. Сонымен қатар, ол 6-14 қыркүйек аралығында осы спорт түрінің майталманы Крис Маккормактың қатысуымен тәжірибелі триатлоншылар жиыны өтетінін, бұл өз кезегінде Алматының туризм саласын дамытуға қосылар елеулі үлес болатынын жеткізді.
Ал Қазақстан триатлон федерациясының вице-президенті Гаджи Гаджиев: «Қазіргі таңда біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – мықты, тәжірибелі триатлоншыларды анықтап, олардың халықаралық жарыстар мен әлемдік біріншіліктерге дайындау. Алдымызда 2020 жылы өтетін Олимпиада тұр. Біз осындай беделді, биік деңгейлі жарыстарда даңқ тұғырына көтерілуге тиістіміз. Бізде жеңіске деген құштарлық мол», – деді.
Айта кетейік, 28 тамызда ALTYN ADAM TRIATHLON 2016» І ашық біріншілігі «Ривьера» қонақ үйінің ауласынан бастау алады. Әзірге, қатысушыларды федерацияның www.triathlon.kz сайты арқылы тіркеу жүргізілуде.
Жолдыбай БАЗАР

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47