20 Тамыз, 2016

Түлегін мақтан тұтады

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Данияр ЕлеусіноБұрнағы күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұстаздары осы білім ордасының түлегі – Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновті ұлықтауға арналған кеш өткізді. Онда чемпионның адами қасиеттері мен студент кезіндегі сабақ үлгерімі жан-жақты сөз болды. Боксшы Данияр Елеусінов 2009-2013 жылдар аралығында аталған оқу ордасынан қар­жыгер мамандығы бойынша білім алған. Ол осы жылдар ішінде оқу мен боксты қатар ала жүріп, айналасындағы достары мен ұстаздарына сыйлы болды, әлемді мойындатқан майталман боксшы болып қалып­тасты. – Данияр өте қарапайым, мәдениетті болатын. Ол студент кезінде-ақ Қазақстанның ішкі чемпионаты мен халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрді. Қазір екі­нің бірі мақтануға, танылу ар­қылы жұлдыз болуға ұмты­лады. Бірақ, біздің Данияр мүлде ондай емес. Танымал боксшымын деп мақтанбайды. Біз оның кішіпейіл қасиетін құрметтейміз. Шынын айту керек, мұндағы мұғалімдер оған көп көмек көр­сетті. Әсі­ресе, жарыстарға ба­ратын кез­де сабақтан босатып, келген кезде оқу бағдарламасын ар­найы үйретіп жүрді. Қыс­қасын айтқанда, Данияр біз­дің түлегіміз болғанына мақта­намыз, – дейді экономика фа­куль­тетінің деканы Әлия Исмаилова. Шара барысында да­рабоз Даниярдың кешегі боксын уни­верситеттің ұжымы ұйым­шылдықпен бірігіп телеэкраннан тамашалағаны айтылды. Тілеуін тілеп, қолдау көрсеткен ұстаздары: «Шәкіртіміздің Олимпиада чемпионы болатынын сездік, – дейді. – Өйткені, Даниярды Олимпиадаға кете­рінен бұрын университетке ша­қырып, студенттермен кездесу ұйымдастырып, сәттілік тіледік. Сонда ол нық сеніммен: «Мен қайтсем де Қазақтанның көк туын желбіретемін. Чемпион боламын» деп айтқан-ды. Біз де іштей айтқаның келсін, деге­ніңе жет дедік, – дейді қаржы кафе­драсының меңгерушісі Зәм­зәгүл Баймағамбетова. Осылайша, Рио Олим­пиа­­­да­сының алты құрлықтан жи­ылған боксшылар бәсекесінде қарсыластарын қоғадай жапырған Данияр жайлы қызықты әңгіменің тиегін ағытқан ұстаздары: «Сту­дент кезінде ол бір рет оқудан шығуға оқталып, арыз жазғысы келді. Алайда, біз оның бұл әрекетін құптамадық. Сол кезде қарсылық танытпағанымызда, чемпион шәкіртіміз бар деп айтпас едік», дейді. Орайы келгенде, біз де өзі оқыған қара ша­ңыраққа чемпион қашан ат басын бұрады деп сұрадық. Факультет деканының айтуынша, Даниярдың студенттермен кездесуі алдағы қыркүйек айында ұйымдастырылмақ. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»