20 Тамыз, 2016

Әр алуан әлем

303 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
TravelЕліне қайтпау үшін паспортын жеп қойды Францияда жұрт күтпеген бір оқиға орын алды – өз отанына депортация жасалуына келіспеген гамбиялық оппозиционер полицейлердің көз алдында өз паспортының бірнеше парағын жеп қойды. Оқиға Тулуза қаласында орын алған. Француз билігі Африканың Гамбия мемлекетінің 34 жастағы Бубакар есімді тұрғынына баспана беруден бас тартады. Мұнда жасырын жолмен келген мұғаджыр өз еліне қайтарылу үшін ұшаққа әкелінгеннен «бұзыла» бастайды. Ал бортқа отырғызылар алдында құжатын көрсетіп жатқанда, оны жалма-жан жыртып, парақшаларын аузына салып жұтуға кіріседі. Мұнымен де тоқтамай тәртіп сақшыларының беттеріне түкіреді. Мұны көрген пилот ұшу кезінде қауіп төндіреді деп есептеп, оны алмай кетіпті. Жүктілігіне 17 ай болса да, босанар емес 19-08-16-beremmennayaҚытайдың Хунань провинциясының тұрғыны жүктілігі мерзімінің ұзақтығы жағынан Гиннестің әлемдік рекордтар кітабына енетіндей нәтиже көрсетті. Бұқаралық ақпарат құралдары қазір Ван Ши атты әйелдің өткен жылдың ақпан айынан бері екіқабат екенін жазып жатыр. Дәрігерлер сол кезде бала 15 қараша күні туылады деген болжам жасап берген екен. Алайда, содан бері қанша уақыт өтсе де, келіншектің босанар түрі жоқ. Сондықтан оған келесі айда ота жасалмақшы. Аралар адамды аштық пен аурудан сақтап қалады 19-08-16-pchelaҒалымдар қазір тап осындай қорытындыға келіп отыр. Олар бал араларының адамды аурудан қорғап, аштықтан сақтап қалатынына сенімді. Мамандар адамға өте көп пайдасы бар ғажайып зат – бал екенін алға тартады. Олар балдың адам ағзасына тигізетін пайдасының ұшан-теңіз екенін айтады. Оның басты пайдасы кез келген вирус пен микробқа қарсы белсене күресе алатынынан көрінеді. Бал сондай-ақ адамзат баласына зиянды микроорганизмдермен, дәрі-дәрмектердің залалдарымен күресуге жақсы көмектеседі. Жалаңаш Трамп...АҚШ-тың 5 қаласында тұр 19-08-16-trampҚұрама Штаттардың 5 қаласында Республикашылар партиясы атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың жалаңаш кейіптегі мүсіні пайда болды. Миллиардердің ескерткішін Indecline анархистер тобы жасатқан көрінеді. Олар Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Кливленд және Сиэтл қалаларының көрнекті жерлеріне қойылыпты. «Бізге ұнай ма, ұнамай ма, мәселе онда емес, Трамп қазірдің өзінде әлем мәдениетіндегі аты аңызға айналған тұлға. Тарихта мұндай адамдардың кескіндері қашанда таспен қашалып, мәңгілік тұлғалар ретінде құрметтеліп отырған», – деп санайды жобаны жасаушылардың бірі. Күйеуін қайтару үшін 17 айлық қызын құрбан етті 19-08-16-malyshАмериканың Оңтүстік Каролина штатының полициясы 23 жастағы Кимберли Мартинесті өзінің бір жарым жастағы қызын өлтірді деген айыппен тұтқындады. Әйел өткен жексенбі күні құтқару қызметіне телефон шалып, 17 айлық қызы Пейтонның безгекпен ауы­рып жатқанын жеткізеді. Тексере келгенде, Мартинестің балаға зорлап тұз жегізгені анықталады. Осыдан қызда гипернатриемия пайда болған. Кейін ол жансақтау бөлімінде жантәсілім етеді. Кимберлидің адвокатының айтуынша, келіншек кетіп қалған күйеуін осындай жолмен қайтарып алмақшы болыпты. Мұның орнына ол енді алдағы 20 жылын түрмеде өткізуі мүмкін. Саудтардың дәстүрі адам өміріне қауіпті 19-08-16-saudiaСауд Арабиясында үйлену тойлары кезінде көптен бері бір мезгілде бірнеше қарудан аспанға оқ ату атты мерекелік үрдіс бар. Кейде мұның соңы қайғылы жағдайларға душар етіп жатады.  Соңғы жолы корольдіктің терістігіндегі Турайф қаласында өткен үйлену тойында атылған оқтың бірі жазатайым бір әйелге тиіп кетіп, қатты жарақатпен ауруханаға түскен. Қазір 40-тан асқан әйелдің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Осыған байланысты полиция тойдың өтуіне жауапты 4 адамды қамауға алды. Қалада бұдан 4 күн бұрын сондай жағдайда 20 жасар қонақ та қатты жараланып қалған екен. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды