Биыл Ақтөбе қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 600-ден аса пәтер пайдалануға беріледі. Осыған байланысты жақында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ қалада салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен таныстыру мақсатында пресс-тур өткізді.
Бұл «Бәйтерек» ұлттық холдингінің еншілес ұйымы. Ол «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске асыратын операторлардың бірі. Қазіргі кезде компания халық арасында аталған бағдарламаның маңыздылығын түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатыр. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчуриннің айтуынша, Ақтөбе қаласының тұрғындарына жалпы ауданы 20,5 мың шаршы метр 318 пәтер таныстырылды.
– Қазіргі уақытта «Батыс-2» ықшам ауданында тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұл үйді «Соллерс» ЖШС салып жатыр. Пәтерлерді осы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жалға алудың 1 шаршы метрінің бағасы 950 теңгеден аспайды, – дейді ол.
Сонымен бірге, оның айтуынша, «Батыс-2» шағын ауданында тағы бір тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оның жалпы ауданы 6,8 мың шаршы метр. Онда 118 пәтер бар. Бұл үйді «VIP Настил» ЖШС құрылыс компаниясы салды. Пәтерлер таза әрленген күйінде ұсынылады.
Осы жылдың соңына дейін Ақтөбе қаласында 249 пәтер салынады. Бұдан басқа, Ақтөбеде 44,3 мың шаршы метр 675 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал келесі жылдың соңына дейін қаланың «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында екі үй бой көтереді. Онда 566 пәтер болады.
Жалпы алғанда, биылғы жылдың соңына дейін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен еліміз бойынша бірнеше үй салуды жоспарлап отыр.
Былтыр компания Ақтөбеде 478 пәтерлі үйді пайдалануға берді. Ал еліміздің басқа қалаларында 7234 пәтердің кілті тапсырылды. Тұрғын үйлер Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз қалалары мен Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында салынды. Бұл үйлер бірінші кезекте көп балалы, мүгедек балалары бар немесе соларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен оралмандарға беріледі. Сонымен бірге, үйлер мемлекеттік және әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік органдар мен бюджеттік саланың қызметкерлеріне қарастырылған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47