Жыл сайын жаңа оқу жылына дайындыққа баса назар аударылады. Өңірде бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тауып отыр. Біз облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Құлыбековамен болған әңгімеден осыны аңғардық.
Облыстағы 422 мектепке 130 мың оқушы барады. Бұл өткен жылғы оқушылар санынан 5 мыңға артық. Қазірдің өзінде биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалар саны 17 мыңға жуықтаған. Бірінші сыныпқа баратын балаларды тіркеу әлі де жүргізілуде.
– Биыл мектеп есігін ашатын бірінші сынып оқушылары жаңа білім беру мазмұны бойынша оқытылады. Оларға білім беру бағдарламасы да, оқулықтар да жаңа сипатта болады. Бірінші сыныпқа сабақ беретін 329 мұғалім білім жетілдіру курстарында даярлықтан өткен. Мектепке «тарыдай болып кіретіндерге» бірыңғай үлгідегі киім кию тәртібі енгізілген, тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің басы болмақ, – дейді басқарма басшысының орынбасары.
Жаңа оқу жылында он жеті білім беру мекемесі пайдалануға беріледі деп күтілуде. Соның 11-і жаңа оқу жылы басталғанша іске қосылады. Ақтөбе қаласының өзінде үш орта мектеп пен бір балабақша есігін айқара ашады. Бәрі ұлттық қор есебінен салынуда.
Өңірде шағын жинақы мектептерді оңтайландыру бағытында да бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Темір ауданындағы – үш, Ырғыз ауданындағы бір шағын жинақы мектеп жабылып, олардың оқушыларын интернатқа орналастыру, тасымалдау мәселесі шешілген.
– Жалпы оқу-әдістемелік құралдар сатып алуға облыс бойынша 729,8 миллион теңге қаралды. Қайта басылып шығарылатын оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Оқулықпен қамту қазірдің өзінде 93 пайызды құрайды.Үстіміздегі жылдың 12 тамызына Алматы қаласынан оқулықтарды тасымалдау 98 пайызды, ал қала мен аудандарға жеткізу 61 пайызды құрап отыр. Оқулықтарды мектептерге жеткізу 25 тамызға дейін толық аяқталады. Білім беру мекемелерін жылытуға қажетті қатты отынның 70 пайызы, сұйық отынның 30 пайызы жеткізілді, –дейді басқарма басшысының орынбасары Гүлжан Құлыбекова.
Өңірде «Мектепке жол» акциясы басталды. Биыл бұл акция ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Бақытты балалық шағымның мекені» девизімен өткізілуде. Бүгінге дейін облыста көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан мектепке баратын 14144 оқушы анықталып, облыстық әкімдікке 241 ата-ана көмек сұрап келген екен. Әр сенбі сайын «Мега – Ақтөбе» сауда орталығында ұйымдастырылатын мектеп жәрмеңкесінде «Тілек» ағашы қойылған. Әрбір аз қамтылған отбасы балалары өздеріне не қажет екенін конвертке жазып сол арада қалдыра алады. Біз олардың өтінішін орындаудың жолдарын қарастырамыз. Осы орайда ірі кәсіпорындар, басқармалар мен департаменттердің өз көмектерін көрсетіп отырғанын атап өту орынды. Облыстық білім саласындағы бақылау департаменті, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, ішкі істер департаменті, «Трансэнерго» акционерлік қоғамы және басқалары оқушылар өтінішіне қолдау көрсетіп келеді. Қала және аудандар бойынша 2041 балаға 7435 мың теңгеге мектеп формасы және қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берілді. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп, балабақша және басқа әлеуметтік нысандарын материалдық-техникалық жабдықтау, жөндеу жұмыстарына 2 мыңнан астам түлек қатысып, 270 миллион теңгеге демеушілік жасады.
Өңірде «Білім туралы» заңына, Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде міндетті мектеп формасының енгізілуіне байланысты 51 жеке кәсіпкермен мектеп формасын тігуге келісімшарт жасалған. Ақтөбе қаласындағы 1 сынып оқушыларына бірыңғай мектеп формасын енгізуге шешім қабылданып, «АЗАЙА» ЖШС-мен жұмыс істелуде.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:23
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54