2016 жылғы 16 мамыр,Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сатып алынған субсидияланатын тұқымдарға субсидиялар алу үшін жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тұқымдарды сатып алу жөніндегі шығындарды өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім.
Химиялық әдіспен жалаңаштау жүргізілген субсидияланатын мақта тұқымын сатып алу кезінде субсидиялар алу үшін өтінімде қосымша химиялық әдіспен мақта тұқымын толықтырып әзірлеуге арналған шарттардан, сондай-ақ мақта тұқымын химиялық әдіспен жалаңаштау бойынша орындалған жұмыстар актілерінен алынған ақпарат көрсетіледі;
2) сатып алынған субсидияланатын тұқымдарға тиесілі субсидияларды алу үшін (элиталық тұқым шаруашылығына немесе тұқым шаруашылығына субсидиялар алу құқығын берген жағдайда) жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім;
осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым өсіру шаруашылығы немесе тұқым өсіру шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінім (бірнеше өтінімдер берген кезде);
3) егіске пайдаланылған өзі өндірген тұқымдарға субсидиялар алу үшін – жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылған субсидияланатын тұқымдар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім;
4) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге субсидиялар алу үшін – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі мерзімде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін ішінара арзандату үшін субсидиялар алуға арналған өтінім, оған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің нақты өткізілген көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесі қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
1) көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
2) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне, өкілдігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаға) қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.»;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 3, 4, 5, 6, 7,
8, 9,10, 11,12, 13-қосымшалар алып тасталсын;
осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МЫРЗАХМЕТОВ.
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Ұлттық экономика министрі
_______________ Б.СҰЛТАНОВ ______________ Қ.БИШІМБАЕВ
2016 жылғы 21 маусым 2016 жылғы 29 маусым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 16 мамырдағы № 218 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) субсидияланатын тұқымдар – тұқым өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатып алған немесе элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтары пайдаланған бірінші көбейтілгеннен төмен емес (мақта үшін – екінші көбейтілгеннен төмен емес) тұқымдар және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары – генетикалық айырмашылығы бар ата-енелік нысандарды будандастырудан алынған және гетерозис нәтижесінде шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша ең үздік ата- енелік нысаннан асып түсетін өсімдіктердің тұқымдары.
3. Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін (бұдан әрі – элиталық көшеттер) өткізу нормалары мен шекті бағалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді және дақылдар бөлінісінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша есептемелерді, тұқымдар мен элиталық көшеттердің тиісті түрлеріне қалыптасып отырған нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, екі данада облыс әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қарауға беріледі.
Бұл ретте, субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) нормаларының осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) ұсынылатын нормаларынан 2 еседен көп (көп немесе аз жағына) айырмашылығы болмауы керек.
Оң нәтиже болған жағдайда, Министрлік субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және элиталық көшеттерді өткізу нормалары мен шекті бағаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен қайтарады.
Теріс нәтиже болған жағдайда, Министрлік келісуден дәлелді бас тарта отырып, субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және элиталық көшеттерді өткізу нормалары мен шекті бағаларының екі данасын да қайтарады.
Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және элиталық көшеттерді өткізу нормалары мен шекті бағалары облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) бекітіледі және мерзімсіз сипатқа ие.
Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және элиталық көшеттерді өткізу нормалары мен шекті бағаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші-бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Өтінім берілген субсидиялар көлемі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан артық болған кезде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді.
2-тарау. Субсидия алушылар және субсидия алу талаптары
5. Субсидиялар:
1) элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылықтары болып табылмайтын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидияланатын тұқымдарды сатып алуы бойынша. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылықтарынан, тұқым өткізушілерден, шетелдік компаниялардан және олардың Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдерінен субсидияланатын тұқымдарды сатып алады;
2) элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтарының өзі өндірген субсидияланатын тұқымдарды пайдалануы бойынша;
3) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық көшеттерді өндіруі бойынша шығындарды ішінара өтеуге арналады.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – бөлім) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 30 шілдесіне дейінгі, көпжылдық шөптер бойынша тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тұқымдарды сатып алу жөніндегі шығындарды өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім беруі.
Бұл ретте, химиялық әдіспен жалаңаштау жүргізілген субсидияланатын мақта тұқымын сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алу үшін өтінімде қосымша химиялық әдіспен мақта тұқымын өңдеуге арналған шарттардан, сондай-ақ мақта тұқымын химиялық әдіспен жалаңаштау бойынша орындалған жұмыстар актілерінен алынған ақпаратты көрсетеді;
2) тиісті жылы субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) нормаларына сәйкес келетін көлемдерде тұқым сатып алу.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, арзандатылған құн бойынша тұқым сатып алынған элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығы арқылы бере алады. Бұл жағдайда, субсидиялар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығы арқылы берген өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінімді бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынатын элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылықтарына төленеді;
3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде тиісті алаңда* жер пайдалану құқығындағы және (немесе) жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскілерінің бар болуы.
Ескертпе: * субсидияналатын ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы (жиынтықта).
7. Осы Қағидалардың 5-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:
1) элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығының бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 30 шілдесіне дейінгі, көпжылдық шөптер бойынша тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылған субсидияланатын тұқымдар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім беруі;
2) тиісті жылы субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) нормаларынан төмен емес көлемде пайдалану.
8. Осы Қағидалардың 5-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар элиталық тұқым өсіру шаруашылығы бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға тиісті жылдың 30 шілдесіне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық көшеттердің нақты өткізілген көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық көшеттерді ішінара арзандату үшін субсидиялар алуға арналған өтінім берген жағдайда төленеді.
3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
9. Осы Қағидалардың 5-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген субсидиялар осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес облыстың тиісті жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітілген субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) нормалары шегінде есептеледі.
10. Субсидиялар мәлімденген дақылдардарға сүйене отырып, мынадай формулалар бойынша есептеледі:
1) осы Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасында көрсетілгендер үшін
С = Н1 х Пл х (Ц х К);
2) осы Қағидалардың 5-тармағы 2) тармақшасында көрсетілгендер үшін
С = Н1 х Пл х (Н2хК);
мұнда:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, бір килограмм үшін теңге;
Н1 – қаулымен бекітілген субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) нормасы, бір гектарға килограмм;
Пл – мәлімделген дақылға арналған алаң, гектар;
Ц – субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың нақты бағасы, бір килограмм үшін теңге;
К – 0,7-ге (Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне қосылған сорттардың тұқымдарын сатып алған (пайдаланған) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдеріне қолданылады) немесе 0,3-ке (Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне қосылмаған сорттардың тұқымдарын сатып алған (пайдаланған) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдеріне қолданылады) тең коэффициент;
Н2 – қаулымен бекітілген субсидияланатын тұқымдардың 1 килограмының шекті бағасы, бір килограмм үшін теңге;
Егер Ц > Н2 болса, онда Ц Н2-ге тең.
11. Осы Қағидалардың 5-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар элиталық тұқым өсіру шаруашылығы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нақты өткізген, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне қосылған элиталық көшеттердің көлемі үшін қаулымен бекітілген элиталық көшеттерге арналған шекті бағадан аспауы тиіс өткізу бағасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде және «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес элиталық көшеттердің әрбір түрі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органымен белгілеген квоталар шегінде есептеледі.
4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі және субсидиялау жөніндегі есептілік
12. Бөлім тиісті жылдың 20 мамырына дейін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында субсидиялар алуға арналған құжаттарды қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.
13. Субсидияланатын тұқымдарды сатып алған және пайдаланған кезде:
1) бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығы субсидия алуға өтінім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
Элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығына субсидиялар алуға құқық берілген жағдайда, бөлім осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін жасайды;
2) өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге, элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығына субсидиялар беруге оң шешім қабылданған жағдайда, бөлім облыс басқармасына өтінім жолдайды;
теріс шешім қабылданған жағдайда, субсидиялар беруден бас тарту себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні, элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығын жазбаша хабардар етеді.
Бұл ретте, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлім субсидиялар беруден бас тарту себептерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтарының тізбесін жасайды, оны облыс басқармасына ұсынады;
3) облыс басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің, элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығының өтінімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылықтарының шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттары тізілімін және (немесе) төлем шотын ұсынады.
Бұл ретте, облыс басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің тұқымды субсидиялауға арналған өтінімді өздігінен беруі және осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімді элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығы арқылы беруі фактілерін тексереді.
Облыс басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер беруі фактілерін анықтаған жағдайда, облыс басқармасы элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімін қабылдаудан бас тартады, бұл жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашығына тұқымдардың нарықтық құны мен оларға төленген сома арасындағы айырмашылықты қосымша төлейді.
Элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылықтарының көрсетілген элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтарына тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім ұсынған басқа облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне тұқым өткізуі фактілері болған жағдайда, аумағында элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығы орналасқан облыс басқармасы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия төлеуге басқа облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне тұқым өткізген элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтарының жиынтық тізілімін жасайды және аталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия төлеуге жол бермеу мақсатында оны аумағында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егіс алаңдары орналасқан облыс басқармасына жолдайды.
14. Элиталық көшеттер өндіру кезінде:
1) бөлім элиталық тұқым өсіру шаруашылығы элиталық көшеттерді ішінара арзандатқаны үшін субсидия алуға арналған өтінім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:
элиталық тұқым өсіру шаруашылығына субсидиялар беруге оң шешім қабылданған жағдайда, бөлім облыс басқармасына өтінім жолдайды;
теріс шешім қабылданған жағдайда, субсидия беруден бас тарту себептерін көрсете отырып, элиталық тұқым өсіру шаруашылығын жазбаша хабардар етеді.
Бұл ретте, бөлім осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар беруден бас тарту себептерін көрсете отырып, субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының тізбесін жасайды, оны облыс басқармасына ұсынады;
3) облыс басқармасы элиталық тұқым өсіру шаруашылығынан өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күннің ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттары тізілімін және (немесе) төлем шотын ұсынады.
15. Субсидиялар беруден бас тартуға арналған негіздер:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) субсидиялар алу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.»;
3) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығына қатысты оның қызметіне немесе субсидиялар алуды ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығына қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылығының субсидиялар алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
16. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты толық игерілген және қосымша қаражат болмаған жағдайда, өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.
17. Облыс басқармасы Министрлікке бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 15 шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей, берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат ұсынады.
Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында жылына бір рет, тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей орналастырылады.
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өткізу нормалары мен шекті бағалары*
№ Ауданның
(қаланың) атауы Дақылдар Элиталық көшеттердің шекті өткізу бағасы,
дана/теңге
…. ….. …
сатып алу
(пайдалану) нормасы, килограмм/гектар шекті бағасы,
теңге/ килограмм сатып алу
(пайдалану) нормасы, килограмм/гектар шекті бағасы,
теңге/ килограмм сатып алу
(пайдалану) нормасы, килограмм/гектар шекті бағасы,
теңге/ килограмм … … …
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ескертпе:
* субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) және элиталық көшеттерді өткізудің шекті бағалары субсидияланатын тұқымдардың және элиталық көшеттердің тиісті түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағалады растайтын құжаттарға сәйкес белгіленеді.
Элиталық тұқымдарды сатып алу кезінде субсидиялар бірінші көбейтілген тұқымның шекті бағасы есепке алына отырып төленеді.
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша
Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың)
ұсынылатын нормалары
№ Дақыл Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) нормасы (бір гектарға килограмм)*
1 2 3
1 Жаздық бидай 3,992
2 Күздік бидай 8,777
3 Арпа 5,316
4 Тары 0,122
5 Сұлы 2,622
6 Күздік қара бидай 8,559
7 Тритикале 3,774
8 Күріш 4,771
9 Қарақұмық 0,823
10 Жүгері (сорт) 19,500
Жүгері (будан) 25,000
11 Дәнді-бұршақтылар 15,343
12 Қытай бұршағы 0,481
13 Рапс (сорт) 0,406
Рапс (будан) 4,000
14 Мақсары 0,226
15 Зығыр 0,823
16 Күнбағыс (сорт) 0,324
Күнбағыс (будан) 4,000
17 Қыша, басқа майлы дақылдар 0,040
18 Мақта (1 көбейтілген):
жалаңаш-талған тұқым
мамықты тұқым 1,580
2,257
Мақта (2 көбейтілген):
жалаңашталған тұқым
мамықты тұқым 25,000
35,000
Мақта (будан) 25,000
19 Қант қызылшасы:
инкрустацияланған
қабықталған
2,000
3,000
20 Картоп 152,132
21 Біржылдық шөптер 0,029
22 Дәнді көпжылдық шөптер 13,000**
23 Бұршақты көпжылдық шөптер 13,000**
Ескертпе:
* есептеу кезінде бірінші көбейтілген тұқымды, екінші көбейтілген мақта тұқымын және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын себу нормалары және сақтандыру қоры
(30 %) ескерілді;
** дәнді көпжылдық шөптерді өсірудің ең төменгі кезеңі 10 жыл, бұршақты көпжылдық шөптерде 5 жыл екендігін ескере отырып, жыл сайын дәнді көпжылдық шөптер үшін 1/10 бөлік (10 %) және бұршақты көпжылдық шөптер үшін 1/5 бөлік (20 %) мөлшерінде сорт жаңарту талап етіледі.
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 3-қосымша
Нысан
____________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы бөліміне
Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу жөніндегі шығындарды
өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім
__________________________________________________ атынан
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
__________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
басшысы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ______________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған ________ тонна мөлшеріндегі _______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты (будан), репродукциясы)
____________________________________ субсидияланатын тұқымдарын
сатып алу жөніндегі шығындарды өтеуге субсидиялар төлеуді сұрайды.
№ Деректер көзі* Қажетті мәліметтер Деректер
1 2 3 4
1. Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік**немесе анықтама тіркеу нөмірі
тіркеу күні
атауы
орналасқан жері
мемлекеттік тіркеу күні
кім берді
2. Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат жеке басын куәландыратын құжат нөмірі
ЖСН****
кім берді
берілген күні
Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік орналасқан жері
тіркеу күні
кім берді
3. Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама*** БСН****
тіркеу нөмірі
тіркеу күні
атауы
орналасқан жері
мемлекеттік тіркеу күні
кім берді
субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы
субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН****
4. Жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілеу құжаты актінің нөмірі
кадастрлық нөмірі
барлық алаңы, гектар
оның ішінде егістік
сорттарға арналған алаң, гектар
дақыл, сорт, репродукция
будандарға арналған алаң, гектар
дақыл, будан, репродукция
нысаналы мақсаты
сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді
жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы
5. Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат ЖСК****
Кбе****
банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы
БСК****
БСН****
Кбе****
6.
Сатып алынған тұқымдарға бастапқы төлем құжаттары, тұқымдарды жөнелтуге жүк құжаттар нөмірі (шот-фактура, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары)
берілген күні
тұқым сатушының атауы
тұқым сатушының орналасқан жерінің мекенжайы
тұқым сатушының ЖСК****
тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі
дақыл, сорт (будан), репродукция
өлшем бірлігі
мөлшері (көлемі)
ҚҚС-пен**** бағасы (теңге)
барлық өткізу құны
7 Тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжаттар нөмірі
берілген күні
кім берді
8 Мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарт туралы ақпарат
шарттың нөмірі
шарт жасалған күн
тұқымдарды химиялық әдіспен жалаңаштау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізуші
актіге сәйкес жұмыстардың орындалған күні
Ескертпе:
* өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді;
** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.
*** кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер ауыл шаруашылығы кооперативінің субсидия тиесілі әрбір мүшесіне толтырылады.
**** аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН- жеке сәйкестендiру нөмiрі; БСН- бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;
ЖСК- жеке сәйкестендiру коды; ҚҚС-қосылған құн салығы;
БСК-банктік сәйкестендiру коды; Кбе-бенефициар коды.
Тиесілі субсидиялар есебі
№ Дақыл-дың атауы Сорттың, будан-ның атауы Репродукция Алаң, гектар Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу нормасы, гектарға килограмм * 1 килограмм тұқымның
бағасы, теңге Коэффи-циент** Тиесілі субсидиялардың сомасы, теңге
(5-б. х 6-б. х
(7-б. х 8-б.))
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ескертпе:
* облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітілген субсидияланатын тұқымдарды сатып алу нормасы;
** 0,7 коэффициенті Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілген сорттардың субсидияланатын тұқымдарын сатып алған жағдайда қолданылады;
0,3 коэффициенті Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілмеген сорттардың субсидияланатын тұқымдарын сатып алған жағдайда қолданылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басшы (не сенімхат бойынша оның өкілі):
___________ ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Мөр орны (бар болса) 20__жылғы «___» ____________
Өтінім 20__ жылғы «__» _____ қарауға қабылданды және № __ болып тіркелді.
____________ ____________________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Талон
Өтінім №____________
20__ жылғы «___» ________ _____сағат_____минутта қарауға қабылданды.
___________ ______________________________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 4-қосымша
Нысан
____________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы бөліміне
Көшірмесі: ____________________________
(облыс, аудан, атауы)
элиталық тұқым өсіру немесе
тұқым өсіру шаруашылығына
Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім
Мен, __________________________________________________________________,
(облыстың, ауданның, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
осымен субсидияланатын тұқым сатып алуға субсидияларды өзімнің банктік шотыма (немесе Ұлттық почта операторына) алудан бас тартатынымды мәлімдеймін және маған тиесілі субсидияларды_________________________________________________ _______
________________________________________________________________________
(облыстың, ауданның элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығының атауы)
элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығына төлеуді сұраймын.
Сатып алынған тұқымдар туралы ақпарат
№ Дақылдың атауы Сорттың, буданның атауы Репро-дукция 1 тоннасына нарықтық баға, теңге Мөл-шері,
тонна Нарықтық баға-сы бойынша сомасы, теңге Төленді,
теңге
1 2 3 4 5 6 7 8
Мен ағымдағы жылы субсидияланатын тұқымдарды сатып алуға субсидияларды тек бір рет алуға құқығым бар екенінен хабардармын, керісінше жағдайда маған төленген субсидиялар кері қайтарылуға тиіс.
______________ ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Мөр орны (бар болса) 20__жылғы «___» ____________
Өтінім 20__ жылғы «__» _____ қарауға қабылданды және № __ болып тіркелді.
____________ ____________________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Талон
Өтінім №____________
20__ жылғы «___» _________ _____сағат_____минутта қарауға қабылданды.
________________ _______________________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 5-қосымша
Нысан
___________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы бөліміне
Элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығы арқылы
берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінім
_____________________________________________________________
(тұқым өсіру шаруашылығының атауы және заңды мекенжайы)
№ Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы,
заңды мекенжайы ЖСН/БСН* Дақыл Сорт, будан Репродукция
Сатып алынған субсидияланатын тұқымдар-дың мөлшері,
тонна 1 тоннасының нарықтық бағасы, теңге Сомасы, теңге Төлем құжат-тары бойынша төлем сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Ескертпе: * аббревиа