20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-1/398

284 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 сәуір, Астана қаласы «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Е.Досаев 2015 жылғы 20 мамыр Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398 бұйрығымен бекітілген «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 14 (он төрт ) жұмыс күні; 2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің; 2) мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шығындары құнын толықтай өтеуге арналған, көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды кейіннен аудару үшін төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсыну. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы еңбек сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі–жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға арналған өтінім; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі; 3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген шитті мақтаның сапасы туралы куәліктер немесе мақта талшығы сапасының паспорттары бойынша жиынтық акт; Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) барлық тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғаны оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні және уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігінде бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгімен расталады. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігінде бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Шағымда: 1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке куәлігінде бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі; 2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағыға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан ___________кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға арналған өтінім ________________________________________________ негізінде әрекет ететін (құрылтай құжаты) _________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы) атынан басшысы__________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) ________мақта ________ сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар төлеуді сұрайды. Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Басшы______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Бас бухгалтер_______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Мөр орны (бар болған жағдайда) «___» __________20 ___жыл «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан ___________кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамалары бойынша көрсетілген қызметтердің № ____жиынтық тізілімі шитті мақта үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Мақта өңдеу ұйымы/мақта қабылдау пункті Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар саны Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге Тиесілі сома, теңге Барлығы: мақта талшығы үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Мақтаны өңдеу ұйымы/мақта қабылдау пункті Нақты көрсетілген қызметтер, сынамаларының (буманың) саны Буманың (сына-маның) нөмірі Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге Тие-сілі сома, теңге Барлығы: Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Басшы_____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Бас бухгалтер_______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Мөр орны (бар болған жағдайда) «___» __________20 ___жыл ____________________________мақта өңдеу ұйымының (мақта өңдеу ұйымының атауы) басшысы _______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Мөр орны (бар болған жағдайда) «___» __________20 ___ жыл «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан ________кезеңіндегі берілген шитті мақтаның сапасы туралы куәліктер немесе мақта талшығы сапасының паспорттары бойынша № _____ жиынтық акт шитті мақта үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Шитті мақта сапасының куәліктері № ________-ден _________ дейін және күні _______ ден _________ дейін Куәліктердің жалпы саны Барлығы: мақта талшығы үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Шитті мақта сапасының паспорттары № ______-ден _________ дейін және күні _______ ден _________ дейін Паспорттардың жалпы саны Барлығы: Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Басшы_____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Бас бухгалтер_______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Зертхана меңгерушісі ________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Мөр орны (бар болған жағдайда) «___» __________20 ___жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11411 болып енгізілді.