20 Тамыз, 2016

Астанада арзан жәрмеңке ұйымдастырылды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-08-16-jarmenke Мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған жәрмеңкеде оқу құралдары төмендетілген бағамен сатылды. Шараға Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының тауар өндірушілері тартылған. Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде мектеп формасы, спорттық киімдер, аяқ киімдер, кеңсе заттары мен кітаптар 10-50 пайыз жеңілдікпен сатылған. Айта кетейік, бұл шара жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өткізілді. Жәрмеңке ертең де жалғасын табады. Талғат РАЙЫМБЕК