21 Тамыз, 2016

Ресей Таяу Шығысқа Ираннан шабуыл жасай бастады

263 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21-08-16-bombardirovshik-1

The Washington Post газеті «Обама шегініп жүргенде, Путин Ресейдің ұлы держава мәртебесін қайтарып алды» деп жазды. Өткен аптада Ресей бомбардировщиктері содырлардың Сириядағы позицияларына шабуыл жасау үшін Ирандағы авиабазалардан ұшып шықты. АҚШ мемлекеттік департаменті мұның өздерін таң қалдырмайтынын көрсететін түр танытты, шын мәнінде ол қайран қалуға тиіс еді, деп жазды The Washington Post осыған орай. Басылым атап көрсеткендей, қазір Таяу Шығыстағы ахуал барынша қарқынды қимылмен өзгеріске түсіп барады. Бұған дейін 40 жыл бойы АҚШ пен Египет альянсы бақылауға алып тұрған аймақтағы оқиғаларға енді Ресей мен Иран егелік ете бастады. Автордың пікірінше, бұл – Барак Обаманың басшылығымен АҚШ-тың Иранмен ядролық келісім жасасуға, Ирактан әскерлерді шығаруға және Сирияда «барынша іс-қимылсыз жүруге» жіберген сегіз жылдық шегіністері мен қысқартуларының нәтижесі. Мақала авторы сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путиннің Таяу Шығыстағы табыстарын таңданыспен атап көрсетеді. Ол алып Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бірнеше жылын ішкі соғыстарға арнағаннан кейін әлсіреп қалған Ресейді басқаруды қолына алған мемлекет басшысы оған жұрттың санаспауына болмайтынындай ұлы держава мәртебесін алып бергенін мойындайды. Шолушы осы жерде Путинмен салыстырғанда, Обаманың осы сегіз жылдың ішінде ешқандай шешуші іс-әрекет жасай алмағанын, мұның орнына әлдеқандай бір халықаралық арбитрдың рөлін атқарып, «бәрі де қарбалас» қағидатымен өмір сүргенін атап өтті. Соның нәтижесінде «Украина бөлшекке түсіп кетті, Шығыс Еуропа құрдымға кетер алдында тұр, Сирия қаңқаға айналды, Иран Иракты жұтып бара жатыр, Ресей мен Иран Таяу Шығыстың солтүстігінде шабуыл жасауға көшті». Мұрат АЙТҚОЖА