21 Тамыз, 2016

Рио-2016: Қазақ боксшылары үштіктен шығып қалуы мүмкін

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Снимок.PNG-1

Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындарда медальдар есебі бойынша әзірге Куба құрамасынан кейін екінші болып келе жатқан Қазақстан боксшыларының үштік құрамынан да шығып қалуы мүмкін. Дәл қазір ресми түрде екінші болып саналғандарымен, олардың қорытынды кестеде кемінде бір «алтыннан» бөлек тағы үш күміс медалі бола алатыны айдан анық өзбек терме жамағатын алға салып, үшінші позицияға кететіні ешқандай күмән тудырмай отыр. Себебі, қазір 1 күміс медалі бар Өзбекстанның тағы екі боксшысы финалға шыққан. Тіпті солардың екеуі бірдей жеңіліп қалған күннің өзінде бізден алға шығып кетеді. Бұдан басқа, әлі алтын медаль үшін күресетін боксшысы бар Ресей құрамасы да Қазақстан командасының алдына түсіп кете алады. Егер Миша Алоян финалда жеңсе, бұл елдің құрамасы екінші орынға бір-ақ көтеріледі. Бірақ бұл жағдайда аса ауыр салмақтағы британиялық Джо Джойс француз Тони Йоконы, 64 кг салмақтағы әзербайжандық Лоренцо Сотомайор өзбек Фазлиддин Гаибназаровты ұтуға тиіс. Мұндай мүмкіндікке Ұлыбритания боксшылары да ие. Қазір көш басында 3 алтын медалі бар Куба боксшылары келеді. Ал жалпы медальдар санына келсек, Өзбекстан құрамасында, финалға шыққан екеуді қосып есептегенде, 7 медаль бар. Куба – 6, Қазақстан мен Франция – 5, Ресей 4 медальмен турнирді қорытындылайды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ