Бүгін Олимпиадаға Қытайдың атынан қатысып жатқан қандасымыз Ерланбек Кәтейұлы бозкілемге шығады. Ол еркін күрес белдесуінде 65 килоға дейінгі салмақта күш сынасады.
Ерланбек Олимпиадаға алғаш рет қатысып жатыр. Бұған дейін әлем, Азия чемпионаттарына қатысса да төрт жылда бір келетін дүбірлі додаға әлі қатысып көрмеген. Ол Олимпиадаға лицензияны биыл Астанада өткен халықаралық турнирде жеңіп алған.
Ерланбек Кәтейұлы көпбалалы отбасыдан шыққан. Ол Алтай округының Қызылтас ауыланда туған. Отбасында алты баланың кенжесі. Қазір ол әкесімен және бауырларымен Лянчжоу қаласында тұрады. Оның шешесі екі жыл бұрын қайтыс болған. Балуан жігіт күреске кеш барған екен. "Ештен кеш жақсы" демекші, күрес залының табалдырығын кеш аттаса да 2010 жылы еркін күрестен Қытай чемпионы атанған. Сол кезде көзге түсіп, ұлттық құрамаға алынған. Қазір Ерланбек Қытай командасының белді мүшесі. Олимпиадаға алғаш рет қатысып жатса да жүлдеден дәмелі екенін жасырмайды. Сонымен бірге елішілік жарыстарды ұмытпайды. Мысалы, оның Қытайда Олимпиадада кейін жалауын көтеретін Спартакиадада топ жарсам деген тәтті тілегі бар екен.
-Олимпиададан кейін Қытайда Спартакиада өтеді. Бұл жарыс Қытайда мәні мен маңызы жағынан Олимпиададан кейін екінші үлкен дода. Осы жарысқа да қатысып, бақ сынасып көремін, - дейді Ерланбек.
Ал әзірге балуанның бар ойы - Олимпиада. Оның осы додада мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік жүлдегерлердің қатарынан төбе көрсетсем деген арманы және бар. Жеңіске деген жігері көзінен көрініп тұратын жас жігіт оны ешқашан ешкімнен жасырып көрген емес.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: facebook.com

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды
Оқиға • Бүгін, 12:57
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді
Қоғам • Бүгін, 12:25
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 12:15
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 110-орынға көтерілді
Футбол • Бүгін, 12:07
Ерболат Досаевтың «Самұрық-Қазынадағы» өкілеттілігі тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 11:49
Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:36
Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Бүгін, 11:30
Автоматты жүйе және 187 бағдаршам: LRT қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Елорда • Бүгін, 11:23
«Qazaq Digital Mektebi»: Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтық жойыла ма?
Мектеп • Бүгін, 11:12
Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады
Энергетика • Бүгін, 10:55
Әйгілі могулшы Юлия Галышева кәсіби мансабын аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:36
Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдер арқылы 146 млн теңгені жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 10:27