Фото: ҚТЖ
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдік белгіленген кезеңде қолданылады және жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда жарамды болады.
Жеңілдік № 105/106 «Петропавл – Алматы», № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» пойыз бағыттарына ұсынылып отыр. Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.
Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады
«Қосымша ретінде № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша турист (2Д, купе) вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билеттерді алдын ала, пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45-тен 15 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады және турист (2Д, купе) санатындағы вагондарға төменгі және жоғарғы орындарға қолданылады», делінген ҚТЖ таратқан хабарламада.
Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады