Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзімен таныстардың барлығы оның болашаққа болжам жасай алатын ерекше қасиетке ие жан екенін сезінетіні анық. Бұл жайт, әсіресе, Қазақстан басшысының ядролық қауіпсіздік жөніндегі кең ауқымды бастамаларына байланысты айқын көрінеді.
Қазіргі әлем тынышсыз күйде. Түрлі соғыстар мен жанжалдардан зардап шеккен мыңдаған босқын өз елдерін тастап қашып, бас сауғалауға мәжбүр. Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерін Жер планетасындағы қауіп-қатерлерді ауыздықтауға жеткілікті деңгейде күш-жігер жұмсауға шақырып отыр.
Мәселен, Жоғары мәртебелі Президент жаппай қарулануға ұмтылу үдерістерін дүниені тас-талқан ететін соғыстың вирусымен салыстырды. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев мынадай сауал тастайды: әлемді осы вирустан қалай аман алып қалуға болады? Бұл жерде кезінде Альберт Эйнштейн мен Бертран Рассел қойған сауалдар туындайды:
«Біз адам баласын жою қажеттігі мәселесі алдында тұрмыз ба? Жаңа ұрпаққа соғыстан алыстау қажет пе? Немесе адамзат соғыстардан өз еркімен бас тартуға қабілетті ме?» Президент осы сұрақтардың астарына үңіле келіп, адам баласын жаңа соғыс қатерлерінен құтқару үшін қажетті жаңа бастамалар бола алатын шешімдерді көлденең тартады.
Қазақстан Президенті өлім себетін қару-жарақ түрлерін ғарыш кеңістігіне, халықаралық сулардың теңіз түбіне, сондай-ақ, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдаудың маңызды екенін атап көрсетеді. Сонымен қатар, халықаралық конвенцияларға қол қою арқылы ғылыми жаңалықтар аясында жаппай қырып-жоятын қарулардың жаңа түрлерін жасауға тыйым салатын сәйкес шешімдер қабылдау керек екеніне баршаның назарын аудартады.
Мен, араб елінің азаматшасы ретінде, Нұрсұлтан Назарбаевты Таяу Шығыстағы және Азиядағы бейбітшілік үшін күрескер және аталған аймақтың белсенді одақтасы деп санаймын. Өйткені, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру, Таяу Шығыста жаппай қырып-жоятын қару түрлерінен азат аймақ құру, террорлық топтардың таралуы мен кеңеюіне тосқауыл қою бастамалары нақ Қазақстан Президенті тарапынан көтеріліп отыр.
Бүгінгі дүниеде ядролық қару мен жаппай қарулану әкелетін нағыз қасіретті нақпа-нақ көз алдына елестететіндер аз десем, қателеспейтін шығармын. Қазақстан Президенті осы орайда әлемді бейбітшілікке, бауырластыққа, ғылыми және зияткерлік үнқатысу негізіндегі адами сүйіспеншілікке шақырады. Сөйтіп, біздің Жер планетамызды, Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға бұйырғанындай, жұмақ етуді армандайды.
Муна МАХАМРЕ,
«Парламентарийлер – ядролық
таратпау және қарусыздану жолында» жаһандық желісінің үйлестірушісі

АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше