23 Тамыз, 2016

Ертіс суы «еркелікті» сүймейді

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
шомылу4Жаз кезінде өрт қаупі де, су қаупі де күшейеді. ТЖ мамандары айтып өткендей, шомылу маусымында Семейде 12 адам суға кетіп көз жұмған. Және бір жылдың ішінде суға түсемін, балық аулаймын деп, яки басқа себептермен батып кеткендердің саны 18 адамды құраған. Оның ішінде бір бала бары да өте өкінішті. – Жаз маусымы келген соң, адамдар Ертіске шомылғысы келеді, – деді Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Марат Дәулетин. – Сөйтіп, өз өміріне деген жау­апкершіліктің жоқтығынан тұрғындар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамай, спирттік ішімдіктерін ала келеді. Мұ­ның арты көбінде қайғылы жағ­дайлармен аяқталып, кісі өліміне әкелуде. Және демаламыз деп келген ата-аналар, балаларын бақылауда ұстай алмайды. Балықшылар да өз өмірлеріне селқос қарап, спиртті ішімдіктер ішіп алады. Жергілікті құтқарушы топ Ертіс бойының Өскеменнен Курчатовқа дейінгі аралығын қам­тып, қызмет көрсетеді екен. Адам өміріне сәт сайын қауіп төнеді, сондықтан да жер қашықтығынан барлық жерге бірден үлгеру мүмкін емес. Әзірше адамдар көп жиналатын жерде ғана тұрақты қызмет көрсетуге тура келеді. Бүгінде ІІМ-ге қарасты ТЖ комитеті суға түсудің бар­лық ережелерін сақтау шараларын ұсынуда. Комитет мә­ліметі бойын­ша, 1279 адам құтқарушы топ ретінде әр жерлерде жұмыс істемек. Сондай-ақ, 300 ерікті құт­қарушы дай­ындық үстінде. Алыс жер­лерден арнайы құтқару бе­кет­тері ашылады. Төтенше жағдай орын алған кезде, дайын тұратын 254 автокөлік пен құтқару техникасы, 550 суда жүзетін көлік, 1650 су астына сүңгитін сүңгуір­лердің жабдықтары, азық-түлік, жа­нар-жағармай тез арада дайын болмақ. Еліміз бойынша, 529 же­кеменшік жазғы демалыс орын­дары мен 34 шақты қала жаға­жайларында 700-дей белгі, ескерту суреттері ілінген. Онда суға қалай шомы­лып, адамды қалай құтқару керектігі, тазалық жағына сақ болу мәселесі нақты айтылған. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА СЕМЕЙ