25 Тамыз, 2016

Ұйымдастыру комитетінің қорытынды отырысы

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
СЕНАТ үлкенСенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына әзірлік жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің қорытынды отырысы болды. Қосалқы ұйымдастырушысы Парла­ментшілердің Ядролық қару­ды таратпау және жою жөніндегі (PNND) халықаралық ұйымы болып табылатын форум 29 тамызда Тәуел­сіздік сарайында өтеді. Сенат Төрағасы ұйымдастыру коми­тетінің мүшелеріне шараға әзір­лік пен өткізу барысын нақты үйлес­тіруді қамтамасыз етуді, сарап­­­шылармен бірлесе отырып қоры­­тынды құжатты келісуді аяқ­­тау­ды тапсырып, форумды ақ­па­рат­тық тұрғыда қолдаудың сапа­лы болуы­ның маңыздылығына назар аударды. «Конференцияның халық­аралық маңызы бар, өйткені, ядролық қару­дан ерікті түрде бас тарту және әсі­ресе, Семей ядролық поли­го­ны­ның жабылуы – әлемдік қарусыз­дану тари­хын­дағы алғашқы және соң­ғы оқиға», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Халықаралық конференцияға әзірлік барысы туралы Президент Әкімшілігі Басшысының орын­басары Бағлан Майлыбаев және Сырт­қы істер министрінің орын­ба­са­ры Роман Василенко сөз сөйледі. Жалпы және төрт тақырыптық отырыстар барысында әлемнің 50 елінен келетін 200-ге жуық қатысу­шы – халықаралық ұйымдардың бас­шы­лары, беделді саясаткерлер, пар­ла­менттік қоғамдастықтың мүше­лері, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдері қарусыздану мен яд­ро­­лық қаруды таратпаудың өзек­­ті мәселелерін талқылайды. Конферен­ция аясында ядролық қарусыздану мәселелеріне арналған көрме болады. Форумға 200-ден астам қазақ­стандық және әлемнің 25 елінен 50 шетелдік журналист тіркеліп отыр, деп хабарлады Парламент Сена­тының баспасөз қызметі.