Ақтау теңіз портында Армия халықаралық ойындары шеңберінде Махачкалада теңіз биатлоны бойынша сайыста екінші орынды еншілеген «Сарыарқа» және «Орал» зымыран артиллериялық кемелерінің экипаждарын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі болды.
Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің кемелері Ресей Федерациясының су айдынында жеңіп алған «Адмирал» катерімен оралды. Былтыр Қазақстанның теңізшілері екінші орынды иеленіп, БЛ-80 катерін ұтып алғанын айта кетейік.
Теңізшілерді салтанатты қарсы алу ҚР ҚК ӘТК туының көтерілген күнінің 20 жылдығымен атап өтілді. Әскери теңізшілер үшін бұл күн атаулы даталардың бірі болып табылады. Осы күнге орай, соғыс, Қарулы Күштер ардагерлері, оқушылар мен студенттер үшін 29011 әскери бөлімінде экскурсия ұйымдастырылып, жаңа әскери техникалар көрсетілді.
«Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы Каспий теңізінде Әскери-теңіз туын әрі қарай абыроймен көтеруді жалғастырып, өздерінің алдына қойылған оқу және жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін барлық күш-жігерлерін салатынына кәміл сенімдімін. Әскери-теңіз туы көтерілуінің 20 жылдығымен тағы бір мәрте құттықтап, дәстүр бойынша сапарларыңыз сәтті болсын», – деп запастағы контр-адмирал Кенжемерген Әбікеев өзінің лебізін білдірді.
20 жыл бұрын Ақтау қаласының 4-ші шағын ауданында 1-дәрежелі капитан Р.Исламов Тәуелсіз Қазақстанның әскери-теңіз туын алғаш рет көтергенін естеріңізге сала кетейік.
«Егемен-ақпарат»

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше