25 Тамыз, 2016

Армиялар аламаны

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
24-08-5-3Астанада Қор­ғаныс министрі И.Тас­мағамбетов­тің бас­шы­лық етуімен Армия халықаралық ойын­дарының қо­рытындысы шыға­рылды. Онда аяқ­талған іс-шара­ның негізгі мәселелері қаралды. Қазақстан Республикасының аумағында Армия халықаралық ойындары байқауы аяқталғаннан кейін оған қатысушы елдердің өкілдері жасалған жағдайды және сайыстағы объективті төрешілікті жоғары бағалады. «Конкурс бәсекелік және достық жағдайда өтті.  Төрешілер мен іс-шараны өткізу туралы қағидалар және ережелер жақ­сы дайындалған», – деп «Мерген шебі» байқауына қатысты Үндістан командасының жетекшісі полковник Дж. Сингх атап өтті. «Төрешілер алқасының жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстандық төрешілер сайысқа түскен командаларға қазылық жасаған кезде әділдігін паш етті. Ойындар қай жағынан алып қарағанда да жоғары деңгейде ұйымдастырылды», деді топ бастығы, Беларусь Республикасы бөлімшесінің командирі подполковник Б.Братсин. Өзге елдердің өкілдері де өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мәселен, олардың қатарында Грекия Қарулы күштерінің өкілі, аға лейтенант Ф.Павлос, Моңғолия командасының жетекшісі полковник Б.Хадбаатар, Қырғыз Республикасы командасының басшысы полковник Б.Жунусалиев, т.б. бар. «Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» байқаулары­ның жеңімпаздарын марапаттау Қазақстанның «Гвардейск» полигонында өткенін естеріңізге сала кетейік. Отарда Армия халықаралық ойындары шеңберінде алғаш рет артиллерияшылар мен мергендердің байқаулары өтті. 12 елдің командалары арасында ымырасыз бәсеке жүрді. 278 әскери қызметші физикалық күш пен төзімділік, кәсіпқойлық пен әскери шеберлік бағыттарында бақ сынасты. Жарыстар күндізгі және түнгі уақыттарда өтті. Келесі жылы Қазақстан Армия халықаралық ойындарын өз жерін­де жаңартылған бағдарлама бойынша өткізетінін айта кетейік.  Әскери полигондарымыздың аумағында алғаш рет 5 байқау өтетін болады. Оның 3-еуі – пішімі мен қатысушылары тұрғысынан тың, жаңа сайыс­тар. Алғаш рет Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына брондалған автомаши­налардағы ралли, Ұлттық ұлан әскер­лерінің конкурсы, сондай-ақ әйел әскери қызметшілерге арналған арнайы байқау – көпсайыс қосылады. «Егемен-ақпарат»