25 Тамыз, 2016

Білім босағадан басталады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа оқу жылы жақсы хабармен басталғалы отыр. Құрылысы бүгін-ертең біткелі тұрған бес мектепте екі мыңға жуық бала оқитын болады. Щучье, Ерейментау қалалары мен Целиноград ауданындағы Тайтөбе, Еңбекшілдер ауданындағы Мақпал ауылдарында жаңа мектептердің күміс қоңырауы сыңғырласа, Көкшетау қаласындағы «Көктем» шағын ауданында балабақшаның тұсауы кесілмек. Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдары 41 жаңа мектеп пен 24 балалар бақшасы қатарға қо­сыл­ды. Жалпы, өңірдегі 599 мектеп, 579 балалар бақшасы, 38 колледж бен 4 жоғары оқу орнында 22 мыңнан астам педагог білім беруде. Бұған қосымша, мектеп оқушыларының шығармашылық дамуына, бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған 88 қосымша білім ошағы жұмыс істейді. Биыл 14882 бүлдіршін мектеп та­бал­дырығын аттаса, 4337 бала жоғары сыныпта оқитын болады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы