26 Тамыз, 2016

«Биік шыңның табиғатында өмір үшін күрес бар»

255 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
ЛОГОТИП-1ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Ғасырлар бойы тәуелсіз болуға ұмтылған елінің арманына қол жеткізгенін көріп, сондай тарихи кезеңде елін басқарып, халқының алғысына бөленуден артық қандай бақыт бар! Сондай бақыт Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырғаны тіпті де кездейсоқтық емес. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев – парасат шыңына көтерілген әлемдік гуманистік ой-сананың генераторы. Әлемдік деңгейдегі тұлғалардың ұлылығы өз ұлтының мүддесін қорғап, сол мүддеге жауап беретін идеяны барша адамзатқа игілік сыйлайтындай пішінде бекіту деп тұжырымдауға болары хақ.  «Биік шыңның айбыны мен ұлылығын мойындау үшін оны қашықтан тұрып бақылаңыз. Оның сыртқы түрі мен пішінін анықтағыңыз келсе, тауды айналып шығуға тура келеді. Аспанға шаншылған биіктің мінезін білгіңіз келсе, оны жылдың, күннің әртүрлі мезгілінде: таң сәріде, күн батарда, шаңқай түсте, жым-жырт түнде, қар мен жаңбырда бақылаңыз. Тауды осылай зерттесеңіз ғана оның ішкі мазмұны мен тұңғиық сырларын ашасыз. Таулар да адамдар сияқты өседі, кемелденеді. Өйткені, биік шыңның табиғатында өмір үшін күрес бар. Олар айналасына өмір нәрін төгеді! Осы қасиетінің шегінде оның ұлылық сарынын көреміз!» Бұл керемет теңеулерді Лама Говинда өзінің «Ақша бұлттардың жөңкілуі» атты кітабында келтірген екен. Загипа_Балиева-800x44577Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» атты манифе­сінің артында өмір тұр. Әлемдегі қарама-қай­­шы­лықты еңсеруге арналған, парық­сыз соғысты айыптаған, жаңа бей­біт әлем құ­руға шақырған Қазақ­стан басшы­сының адамзатқа үндеуі жатыр. Бүгінгі Елбасының тұлғалық биігін бағалау үшін де көпшілікке шы­дам, шындықты мойындау мен ру­хани толысу қажет. Бұл тұжы­рымға дәлелді Қазақстан басшы­сының соңғы 25 жылда халықаралық қоғамдастыққа қаратып жолдаған ұсыныстарынан айқын көреміз. Бүгінге дейін Қазақстан Пре­зиденті туралы халықаралық деңгей­де де, елімізде де аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Жоғары­да келтірген өз пайымы­мызды нақ­ты мысалдармен дәлелдеу үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем­дік маңызы бар ұсыныс-бастама­лары­ның басты мазмұнына тоқталуды жөн көрдік. Әрине, бірнешеуіне ғана. Бүкілхалықтық қолдауға ие болып, демократиялық жолмен Қа­­зақстан Президенті болып сайлан­ған Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жыл­дың 5 қазанында Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен халықаралық қоғамдастыққа үн­деу тастағаны белгілі. Бүгін сол үндеудегі ұсы­ныс­­тардың қан­шалықты маңызды екенін, бүгінге дейін өзектілігін жо­ғалт­­паған тұжырымдар мен көз­қа­­рас­тардың жиынтығы екенін білеміз. Өзінің сенімі мен өмір­лік қағидасынан ешқашан да ауыт­қымайтын Нұрсұлтан Әбішұлының 1992 жылғы алғашқы сөзі мен 2015 жы­лы Біріккен Ұлттар Ұйы­мының мінберінен айтқан сөз­дерінің арасында 23 жыл уақыт өтті. Осы кезеңде әлем­де түбегейлі өз­герістер орын алды, үлкен сая­си-экономикалық дағ­дарыстар болды, аймақтық қақты­ғыстар мен соғыстар жиі-жиі тұта­нып тұрды. 1992 жылы БҰҰ-да алғаш сөйлеген сөзінде Қазақстан Прези­денті қарусыздануды, аймақтық қақтығыстарды ауыздықтау қа­жет­тігін айтты. «Бір ғана мемлекеттік шекара кескінінің өзгеруі тізбекті реакция туғызып, тұтастай геосаяси жүйенің ыды­рауына соқтырады», деді Елбасы. Содан бері бұл мәселе бір емес, бірнеше мемлекеттің ба­сына қасірет әкелді. Шекара бө­лі­сі бүгінге дейін мемлекет­тер арасындағы әскери қақты­ғыстар­дың басты себебі болып тұр. 1990-жыл­дардағы Юго­славиядағы соғыс ше­кара бө­лісінен басталып, сан мың­­да­ған жазықсыз бейбіт адам­­ның өліміне себепші болды. Мұн­­дай жағдайда, әсіресе, әлеу­мет­­тік-психологиялық жа­ғы­нан қорғал­маған аналар мен сәби­лердің әлеуметтік деприва­цияның құрба­нына айналатыны белгілі. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының 1992 жылы БҰҰ-дағы ескертуі, өкі­нішке қарай, дәл келді. Мұны көре­гендік дейсіз бе, дәл болжам ба немесе тәжірибелі саясаткердің интуициясы ма? Осының үшеуі де біздің Елбасының тұлғалық сипатын айқындайтын қасиеттер деп ойлаймын. Өзінің сөйлеген сөзінде Қазақ­­стан Президенті БҰҰ-ның бедел­ді мінберінен бірнеше тарихи ұсы­ныстар тастады. Біріншіден, «1+1» формуласы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ жанынан бітімгерлік жігерді қолдау қорын құруды ұсынды. Әрбір мүше мемлекет жы­лына өзінің әскери-қорғаныс бюд­жетінің 1 пайызын осы қорға аудару арқылы БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясын күшейтуі тиіс. Жыл сайын осындай жарна 1 пайызға көбейетін болса, мемлекеттің қорғаныс бюджеті сонша пайызға азаюы тиіс еді. Сонда 10 жылда әрбір мемлекет өзінің әскери қорғанысына бөлінетін қаржысын 10 пайызға қысқартса, бітімгерлік жігерді қолдау қорының қаржысы сонша пайызға өсіп, оның мүмкіндіктері де күшейері сөзсіз. Н.Назарбаевтың бұл ұсынысын мемлекетаралық бейбіт қатынас теориясының басты қағидасы деп бағалауға әбден болады. Екіншіден, Азия субкон­ти­нен­тінде және Еуразия кеңіс­тігінде ЕҚЫҰ сияқты ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен ай­на­лы­сатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құру туралы ұсыныс жасады. Н.Назарбаевтың табандылығының арқасында 2002 жылы Алматыда тұңғыш рет 22 мемлекеттің басшысы бас қосып, келелі кеңес өткізді. Қазірде беделді халықаралық ұйымға айналды. Үшіншіден, ТМД аумағында болып жатқан үдерістерді саралаған Н.Назарбаев Еуразия аумағында өмір сүріп отырған посткеңестік елдердің еркін нарықтық жағдайда дамуына ықпал ету үшін және сая­си тұрақтылықты нығайту үшін Ал­матыда БҰҰ-ның аймақтық орта­лығын ашуға шақырды. Бірнеше жыл бұрын ұйымның аймақтық орталығы ашылып, жемісті жұмыс істей бастады. Қазақстан 1993 жылы Ядро­лық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады. Ядро­лық қауіпсіздік мәселесінде Қазақстан мен оның басшысы жүйелі түрде бейбіт атом идеясының ең белсенді насихаттаушысы болып келеді. 2015 жылы БҰҰ Н.Назарбаев ұсынған Ядролық қарусыз әлемнің жал­­пыға бірдей декларациясын қабылдады. Сондықтан да, атом қаруынан өз еркімен бас тарт­қан елдің басшысы ретінде Н.Назарбаевты халықаралық қоғам­дастық әлемді ядролық қару­­дан босату мәселесінде ең бедел­ді Мемлекет басшысы деп тани­ды. Міне, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бей­біт өмірге, әділетті қарым-қа­ты­нас­тарға үндеген позициясы әлем сұранысына сүйеніп, қуаттанып келеді. Қазақстан басшысының әрбір бастамасы – бейбіт өмірді, достық пен өзара сенімді нығайтуға, қарапайым адамдардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. 1991 жылғы 29 тамызда Семей полигонын жабу мен елдегі бүкіл атом арсеналынан бас тартудан басталып, манифест арқылы жалғасқан Елбасы бастамаларынан жасампаз өмір жолында аянбайтын күрескердің сенімін көреміз. Халық­аралық дең­гейде үлкен резо­нанс тудыр­ған манифестің басты маз­­мұ­нында әлем халықтарының тағ­дырына жауапкершілікпен, жана­шырлықпен қарайық, жас ұрпақтың болашағын ойлайық, олардың өмірін жақсартайық деген ізгілік формуласы жатыр. Енді, міне, бүгін-ертең Астанада полигон жабылған күнге орайластырылып, ядролық қауіпсіздік проблемасына арналған ауқымды халықаралық жиын өткелі отыр. Оған 50-ден астам елден өкілдер келеді деп күтілуде. Көп балалы ана ретінде айтарым, манифестің іргетасы адамзат өркениетіне төнген қауіпті сейілту мен гуманитарлық апаттан сақтандыруға деген ізгі ниетпен қаланған. «Айналайын, халқым! Сенің жолыңда басымды бәйгеге тіккен адаммын», деп тебіренген тұлғаның басқа ұлттардың да жан-дүниесін жақсы түсінетіні анық. Өз халқының жағдайын барынша жақсарту үшін өмір сүретін саясаткердің халықаралық беделі де өз азаматтарының сый-құрметімен өлшенері де даусыз. Қорыта айтқанда, манифест арқылы Қазақстан басқаларға үлгі боларлық, өзінің жауапкершілігін сезінетін мемлекет екенін дә­лел­деп отыр. Жас ұрпақтың бо­лашағын ойлаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылары мен саясат­керлерді өскелең ұрпақтың тағ­дырын ойлап, соғыс қатерінен арылуға, күшке емес, ақыл-пара­сатқа жүгінуге шақырады. Ке­мең­герлік шыңына көтерілген Нұрсұлтан Әбішұлының адамзат болашағын қауіптен құтқаруға ша­қыр­ған манифесі – әлемдік деңгей­дегі биік тұлғаның бейбіт өмірге үн­деген жасампаздық пара­дигма­сы­ның нәтижесі екені күмән тудырмайды. Зағипа БАЛИЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі