Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылына әзірлік барысына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.
Жиынға Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, министрліктің балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім, білім және ғылым саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева, «Күнделік.kz» ЖШС-нің директоры Александр Григорян, «Bilim Media Group» ЖШС-нің атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы қатысып, білім беру саласына байланысты орамды ойларын ортаға салды.
Брифинг барысында білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жан-жақты сөз болды. «Биылғы оқу жылына дайындық Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті әкімшіліктердің тығыз қарым-қатынасы негізінде жүзеге асып жатыр. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие бойынша бүгінде 817,8 мың бала қамтылған. Сондай-ақ, биыл жаңадан 538 мектепке дейінгі тәрбие мекемесі ашылды, оның ішінде 49 балабақша бар. Және де жылдың соңына дейін 82 мектепке дейінгі ұйым мен Ұлттық қор есебінен 11 балабақша ашу жоспарлануда. Нәтижесінде, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 82,7 пайызға жетеді. Бұл көрсеткіш былтыр 81,6 пайызды құрағанын естеріңізге саламыз. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын 2,8 миллионнан астам оқушы аттайды. Болжамды деректер бойынша бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны 370,0 мыңнан асады», – деді вице-министр.
Сонымен қатар, жиын барысында еліміздегі сапасы сын көтермейтін мектептер мен тәжірибелі кадрлардың жетіспеушілігі де тілге тиек етілді. Қоғамдағы қызу талқыға түскен
мәселелердің бірі оқушылардың мектепте ұялы телефонды қолдануы да назардан тыс қалмады.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше