«Әлем аруы» атанған Чехияның сұлулық ханшайымы, әйгілі супермодель Маркета Коринкова Ислам дінін қабылдады.
Ару қыз енді өзінің атын Мәриям деп өзгертіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне қоныс аудармақшы. «Әл-Кудс әл-Араби» журналының хабарлауынша, Маркета Коринкова соңғы үш жылдан бері мұсылмандықты қабылдауды ойлап жүрген. Оған бұл дінді қабылдауға Исламдағы әйел затына деген құрмет пен артықшылықтар әсер еткен екен.
Чех аруы әлемге дизайнер және киноактриса ретінде де танымал. Ол Голливудта шыққан бірнеше фильмде басты рөлде ойнаған. Сонымен бірге, FAMU киноакадемиясының Прагадағы бөлімшесінің директоры қызметін атқарып, жарнама компаниясының жұмысын басқарған. Лондонда киім тігу өндірісімен айналысқан.
Прагадағы Карл университетін бітіргеннен кейін ағылшын әдебиеті бойынша магистр дипломын алған. Содан кейін Лондондағы Корольдік өнер колледжінде оқып, кино және телевидение бойынша магистр атағын иеленген. Британияның ВВС телекомпаниясында да қызмет етіп көрген.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше