Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпия ойындарынан жүлдемен оралған спортшыларды жетісулықтар да ерекше құрметпен қарсы алды. Осыған арналған шара Талдықорғандағы Оқушылар сарайында салтанатта жағдайда өткізілді.
Жиынды Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләзат Тұрлашев ашты.
– Әлемнің 205 елінен бас қосқан кіл мықтылардың арасында Қазақстан спортшылары да өздерін жақсы қырларынан танытты. Олардың арасында Жетісу өңірінің саңлақтары да болды. Атап айтқанда, біздің жанкүйер қауым сол күндері ауыр атлеттер сайысында көрік қыздырған Карина Горичева мен Маргарита Елисееваның, сондай-ақ, боксшы Жәнібек Әлімханұлының жақсы өнерлеріне тәнті болды. Облыстан осындай спортшылардың Риода көрінуі біз үшін де мақтаныш, – деді ол өзінің сөзінде.
Бұдан кейін жиын Ойындар жүлдегері мен қатысушыларын марапаттау рәсіміне жалғасты. Онда облыс әкімінің орынбасары ауыр атлеттер сайысында қола медальға қол жеткізген Карина Горичеваға 10 млн теңгенің, ал бесінші орынды иеленген Маргарита Елисееваға 3 млн теңгенің сертификаттарын тапсырды. Сөйтіп, Бразилия жерінде көк байрағымыздың көтерілуіне еңбек сіңіре білген зілтеміршілерге ел алғысы білдірілді.
Сонымен қатар, бұл күні өңір спортының өрлеуіне өзіндік еңбектерін сіңірген ардагер спортшылар мен осы сала қызметкерлері «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Нұрбол Әлдібаев,
«Егемен Қазақстан»
ТАЛДЫҚОРҒАН

Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18
Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы «қарызын» өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:20
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57