Қазақстан азаматтарының мобильдік базасында 2 миллион пайдаланушы тіркелген.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы Әсет Уаисовтің түсіндіруі бойынша, осы базаға қатысу Мобильді үкіметтің ұсынатын барлық қолайлығы мен функцияларын пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл Мобильді үкімет, атап айтқанда, eGov-тың мобильді қосымшасы болып табылады.
Еgov.kz электронды үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдері арқылы әрбір қалаушы Мобильді үкіметтің пайдаланушысы бола алады және мобильдік базаға тіркеле алады. Ол үшін порталда авторландырудан өту, өзінің телефон нөмірін, құпия сөзін көрсету және электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен тіркеуді растау жеткілікті.
Бүгінгі күні кез келген уақытта смартфон немесе планшет арқылы қосымша пайдаланушыларына 80 түрлі қызмет пен сервис қолжетімді. Оның ішінде, мысалы, мекен-жай анықтамасын алу, балабақшаға баланы кезекке қою, салықтарды, айыппұлдарды төлеу және т.б. бар.
Ал мобильді жеке кабинетке келетін болсақ, ол жерге азамат туралы барлық негізгі ақпарат түрлі мемлекеттік органдардың деректер қорларынан автоматты түрде тартылып жинақталады. Мысалы, пайдаланушы өз жеке кабинетінде жеке куәлік немесе техбайқаудың қолдану мерзімінің аяқталуы жайлы және де ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар мен борышкерлердің тізіліміне енгізілуі туралы хабарландыруларды алады. Сонымен қатар бұл ақпарат SMS-хабарламалары мен push арналары арқылы да келеді.
«Мысалы, сіз жол қозғалысы ережесін бұзғаныңыз үшін айыппұл туралы смартфонға хабарламаны алғанда оны бірден eGov қосымшасы арқылы төлей аласыз. Бұл шын мәнінде өте ыңғайлы», дейді Уаисов мырза.
Қазіргі таңда, Қазақстанда Мобильді үкімет арқылы 4,5 миллионға жуық қызмет көрсетілген болса, eGov қосымшасы 365 мыңнан астам рет жүктелді.

«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57