Өңірімізге белгілі кәсіпкер әрі меценат Бақтыбек Мұсабаевты білмейтін адам кемде-кем. Ол жетекшілік ететін «Некрасовка и К» шаруа қожалығы Тарбағатай тауының қойнауына орналасқан Некрасовка ауылында.
Шаруашылық бүгінгі күндері аудан көлемінде кеңінен танымал десек, артық айтқандық емес. Мал өсірумен, астық өндірумен айналысатын бұл ұжымда 30 адам еңбек етеді. Б.Тоқашұлының қарамағында 1100 гектар егістік жер, 500 гектар шабындық, 1500 гектар жайылым жер бар. Сондай-ақ 400-ге жуық «Әулиекөл» және «Симменталь» асыл тұқымды сиырын бағады. 500-ден астам қазақтың асыл тұқымды жабы жылқысы да осы қожалықтың қарамағында. Шөбі шүйгін, жері құнарлы, табиғаты келіскен бұл өңірде Бақтыбек Мұсабаев басқаратын «Некрасовка и К» шаруа қожалығы омарта шаруашылығымен де айналысып келеді. «Карпатка» деп аталатын араларды өсіріп, дәруменге аса бай бал тағамын өндіруде.
Жалпы, Бақтыбек Мұсабаев бұдан өзге «Үржар-Қарабұйрат» бағытындағы жолды жыл сайын қыста қардан аршып, жерлестерінің алғысына бөленіп келе жатқан азамат. Ал биік таудың қойнауын ежелден қалың қар басатыны белгілі. Ол бұл істі үлкен жауапкершілікпен, адал да тиянақты атқарып келеді.
Барқытбел ауылдық округіне қарайтын Барқытбел, Батпақты, Благодатное, Некрасовка, Қарабұйрат елді мекендерінің тұрғындары қашанда өз жерлестері Бақтыбек Мұсабаевты азамат ретінде, кәсіпкер ретінде мақтан тұтады.
Өйткені, ол қай уақытта да қиналған, көмек қолын қажет ететін жандардың қасынан табыла алады. Аз қамтылған отбасылардың, мұқтаж жандардың тауқыметтері мен мәселелерін шешуге үнемі жәрдемдесіп келе жатқан азамат.
Ол осы округке қарасты білім ордаларында өтетін әртүрлі акцияға да белсене қатысады.
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК
Шығыс Қазақстан облысы

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше