Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары - 2016» өңірлік көрме-байқауы өтті. Көрмеге келушілерге жергілікті кәсіпкерлер өздерінің тоқыма, азық-түлік, құрылыс материалдарын ұсынды. Соңғы жылдары облыстың экономикасын әртараптандыру мақсатында аймақта өндіріс орындары көптеп ашылды. Олардың өнімдері болашақта өңірдің брендіне айналары сөзсіз. Бұрын Қызылорда облысы тек күріш және Аралдың тұзымен танылса, қазір аймақта өндірілетін тауарлардың түрі көбейген. Бүгінгі күні Сыр өңірінде ет, сүт және нан өнімдерімен қоса шөлмектегі сусындар шығарылып, ерлерге арналған жейделер тігілуде.
– Қызылорда облысы өнеркәсіп орындары мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету шараларын назардан тыс қалдырған емес. Бүгін сіздер тек жергілікті жерде емес, еліміздің басқа да аймақтарында танымал тауар өндірушілердің өнімдеріне баға берудесіздер. Ал қыркүйек айының басында сырбойылық тауар өндірушілер өз өнімдерін Астанадағы Қызылорда облысының күндері аясында өтетін көрмеге алып барады, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Шара соңында аймақ басшысы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Қазақстанның үздік тауары», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттады.
«Егемен-ақпарат»

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше