Бүгін Астанада Олимпиялық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада чемпиондарын II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл награданы боксшы Данияр Елеусінов, жүзгіш Дмитрий Баландин мен Нижат Раxимов алды. Сонымен бірге Елбасы осы орденді бокстан Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев олардың күміс медалі алтын жүлдемен пара-пар екенін, сондықтан күміс жүлде Олимпиада чемпионы атағымен теңестірілетінін айтты.
«Олимпиадада боксшылар Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов лайықты өнер көрсетті. Сол себепті олардың жүлделері алтын медальдің сыйақысымен теңестіріледі», деді ол.
Кездесуде Елбасы күміс жүлдегерлер Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), Гүзел Манюрова (әйелдер күресі) мен бокстан қола жүлдені иеленген Иван Дычкоға «Парасат» орденін табыс етті. Сонымен бірге Мемлекет басшысы «Құрмет» орденімен қола жүлдегерлер - дзюдошы Галбадраx Отгонцецег, зілтеміршілер Карина Горичева, Александр Зайчиков пен Фарxат Харки, еркін күрес шеберлері Екатерина Ларионова мен Эльмира Сыздықованы және боксшы Дариға Шәкімованы марапаттады.
Салтанатты шарада Мемлекет басшысы спортшыларымыздың 270 елдің арасында 22-ші орынды иеленіп, барша әлемнің алдында еліміздің абыройын асқақтатқанын айтты.
«Биылғы Олимпиадада еліміздің әнұраны үш рет шырқалып, көк байрағымыз үш мәрте көтерілді. Бокстан ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов жеңіс тұғырынан көрінді. Ал еліміздің тарихымызда алғаш рет жүзгіш Дмитрий Баландин алтын медальді иеленді. Мұндай табыс елімізде бұрын-соңды болған жоқ. Менің ойымша, енді жүзуге қызығушылық танытқан балалар көбейіп, Олимпиада чемпиондарының саны артады. Олимпиадада ауыр атлет Нижат Рахимовтың еңбегі лайықты бағаланды», деді ол.
Осыдан кейін Елбасы Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левиттің еңбегін айта келіп, олардың жаһандық жарыста көрсеткен өнеріне ризашылығын білдірді.
«Біз екі боксшымыздың медальдарын Олимпиаданың алтын жүлдесі деп санауымыз керек. Осыған байланысты олардың жүлдесін ынталандыру тұрғысын алғанда алтын медальмен теңестірдім», деді Президент.
Сол сияқты ол жеңіл атлет Ольга Рыпакованың қола медаліне алтын жүлде ретінде бағалайтынын атап өтті.
«Ольга Рыпакова Олимпиадаға жақсы дайындалды. Ол Лондонда және Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадалардың арасында шекесі торсықтай ұл тапты. Қазір баласы 3 жаста. Біріншіден ол ана, екіншіден нағыз батыр әйел. Екі үлкен доданың арасында жарыстарға қатысып, биік белестерден көрініп жүрді. Бұл спортшының өз кәсібіне адалдығын, өз еліне деген қызметін көрсетеді», деді.
Елбасы еліміз спорттың басқа түрлерінен күміс және қола медаль алған отандастарымыздың еңбегін бағалайтынын, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектестігін жеткізді.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне өздері туып-өскен жерлерінде де сый-құрметтің көрсетілетінін, дегенмен осы атақ, құрметке масаттанбай, белдіктерін буып, алдағы жарыстарға дайындалып жүру керектігін айтты.
Марапаттау рәсімінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерін Елбасының елімізде спортты дамытуда жүргізіліп жатқан саясатына, жанкүйерлердің қолдауына ризашылығын білдірді.
Биылғы Олимпиадаға Қазақстан осымен 6 рет қатысып, жазғы және қысқы Олимпиялық ойныдарды есептегенде ең көп жүлдеге ие болды. Барлығы 17 медаль ұтып алды. Соның ішінде 3 алтын, 5 күміс және 9 қола жүлде бар.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: Ерлан ОМАРОВ

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25