Кеше Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатынан алынған құжаттар негізіндегі көрменің ашылу рәсімі өтті. Онда Елбасының жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы бастамалары көрініс тапқан. Салтанатты рәсімде сөз алған Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері ядролық қарудан бас тарту идеясын батыл ұстанып келе жатқан ел екенін атап көрсетті.
Ал Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов: «КСРО ыдырап жатқан тұста жауапкершілікті өз мойнына ала тұрып, 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Осы тағдыршешті Жарлық арқылы Президент Н.Назарбаев ядролық державалар басшыларына тағылым көрсетіп, қарусыз әлемнің Көшбасшысына айналды», дей келе, Президент Мұрағатында «өте құпия» таңбасымен сақталған, кезінде жұртшылыққа белгілі болмаған құжаттар көрме аясында жұртшылық назарына ұсынылып отырғанын жеткізді.
«Мәселен, 60-шы жылдары жұмыс істеген дәрігерлердің арнайы комиссиясының қорытындылары бар. 1987-1988 жылдардың өзінде 32 сынақ өткізілді. Соның салдарынан, әрбір үшінші жарылыста жер бетіне 20-дан 150 килотоннаға дейін радиоактивті газдар таралып кеткен. Міне, осындай деректер көрсетілген құжаттарды да осы көрмеден табуға болады. Жалпы, Президент Мұрағатының құжаттарымен танысу Елбасы Н.Назарбаевтың жаппай ядролық қарусыздану үдерісіне, жер бетінде бейбітшілік орнату ісіне қосқан үлесіне қатысты көп мәлімет алуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», деді Мұрағат директорының орынбасары.
Австрия мен Словениядағы елші, Қазақстанның Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай мен еліміздің Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин журналистерге арнап брифинг өткізді.
Қайрат Сарыбай Қазақстан Президентінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, барша адамзаттың игілігі үшін экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған белсенді сыртқы саясатына тоқталып өтті. «Осындай саясаттың арқасында біздің еліміз лайықты құрметке ие болып отырғаны баршамызға аян. Еліміз Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Мемлекет басшысы көптеген халықаралық бастама көтеріп, оны жүзеге асырды. Мәселен, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бүгінде беделді үнқатысу алаңына айналды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің өтуіне ұйытқы болды. Осының өзі қыруар шаруа. Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының мінберінен ұсынған «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде жалғасын тапқан жаңа бастамалары дүние жүзінде, әсіресе, мен қызмет атқарып жүрген Вена қаласындағы халықаралық ұйымдарда үлкен резонанс туғызды», деді Қ. Сарыбай.
Осылай дей келе, ол Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктің, елшіліктің Елбасының халықаралық бастамаларын жүзеге асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. «Жалпы, еліміздің ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруларын таратпау тәртібін нығайту саласындағы күш-жігері әлемдік қолдауға ие болып, кеңінен мойындалды», деді Қ. Сарыбай.
Брифинг барысында Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Т.Жантикин ведомство аясында осы мәселе төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарға, еліміздегі Төмен байытылған уран банкіне қатысты қойылған сауалдарға жауап берді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44