27 Тамыз, 2016

Бірге жүріп, бірге жаздық...

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы жолғы Олимпия ойындарына Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 11 журналисті аттандырды. Бұрын төртеу ғана баратын. Үркердей болып жүрер еді. Бұл жолы қарқарадай, жер қайысқан қолдай көтеріліп жүрді. Бұған «Қазақстан», «Хабар» және «Қазспорт» телеарналарынан барған журналистер мен операторларды қосыңыз. Бұрынырақта Дохада өткен Азия ойындарына бізге таяу елдердің бірінен екі журналист барған. Жастауы біздің жанымызда жүреді. Баскиімін тастамайтын егделеу журналисті көретінбіз. Өздері біздегідей медальді күреп алып жатқан жоқ, бірақ не айта беретінін қайдам, осы егде журналист қашан көрсең де екіленіп еліне хабар беріп жататын. Екеуі жазатайым кездесіп қалғанда, дүниенің бір қиырында жүрген әлгі екеу бір-бірімен амандаспайтын. Кәрісі жасына түйіліп қарағанда, оларға еш қатысы жоқ біз тіксініп қаламыз. Оның себебін жас жігіт өзі айтып берді. Бұған дейінгі жарыс біткенге қолында азын-аулақ билігі бар, спорт басшыларына өзінен артық спорт тілшісі жоқ екендігін ұқтырып келген егде журналист жалғыз барып келген екен. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік тілегі орындалады

Пікір • Бүгін, 09:45

Мұнайшылар шет қалмады

Референдум 2024 • Бүгін, 09:40

Реформалар жүйелі іске асырылып келеді

Референдум 2024 • Бүгін, 09:37

Мерекелік рәуіште өтті

Референдум 2024 • Бүгін, 09:30

Демократия нышаны

Референдум 2024 • Бүгін, 09:27