Данияр Елеусінов – жаратылысын Құдай молынан бере салған жігіт. Рио Олимпиадасынан кейін Қазақ баспасөз орталығында чемпиондар мен жүлдегерлердің журналистермен кездесуі өтіп, жарыстан соң аттың жалы, түйенің қомында жүріп айтылмай қалған әңгімелерге осында кезек берілді. Шаршы алаңда қарсыластарына есе бермей, барлығын күмәнсіз жеңген Данияр – отбасының кенжесі. Үйленген, айрандай ұйып отырған отбасы бар.
Журналистер айналып келіп, спорт туралы сұрай береміз. Бірақ бокстан да бөлек өмір бар. Даниярдан осы жағын білгіміз келген. Әкесі Марат – өзінің жеке бапкері, баласы үшін жанын беруге бейіл. Данияр жартылай финалда қабағын жарып алғанда, әкесі жанын қоярға жер таба алмай қабарып кетті. Сыңайынан ұлының орнына өзі шаршы алаңға қарғып шығып, айқас салуға барлығы аңғарылады. Бүгінде көп балалар болып толып алған соң өзін аялап өсірген ата-анасын ұмытып кетеді, яки болмаса «жолы осы екен» деп, күтуші жалдап, қарт баққанның қиындығынан қашып, өздері бөлек тұрады. Ата-анасының қарны тойғанын емес, бала-шағасынан өздеріне деген құрмет пен мейірім іздейтінін ұмытады. Көптеген жұртта бұрыннан бар осы мінез қазақ жастарының бойынан да табыла бастағаны бүгіндері үлкен проблемаға айналып келеді. Ұлт зиялылары да осы мәселеге орай дабыл көтеріп келеді.
– Аға, маған өмір сыйлаған әуелі Алла тағалаға және ата-анама құрметім шексіз, – дейді жеңімпаз. – Жас кезімізде аялап өсірді. Баламыз ғой, кейбір балалардың жақсы киінгенін, жақсы заттар ұстап жүргенін көріп, маған да керек десем, әкем міндетті түрде алып беретін. Өзі жаттықтырушы болып жұмыс жасайды, артық ақшасы жоқ болуы да мүмкін ғой. Бірақ баламның көңілі басылып қалмасын, өзгелерден кем болмасын деп ойлайтынын есейген соң байқап келеміз. Біздің отбасымызда олардан артық асқар тау жоқ. Мен үйдің кенжесімін. Өзге бауырларым ата-анаммен бірге тұрғысы келуі мүмкін, бірақ қара шаңырақ иесі менмін. Сондықтан өмірінің ақырына дейін менің қолымда болады. Жұбайымыз екеуміз беттеріне жел болып тимейміз. Әке-шешем көңілі нені қаласа, соны алып беремін. Өйткені, олар ұрпағының алдында ата-аналық борышын адал орындады. Біздердің саналы , білімді болып өсуімізге керек барлық жағдайды жасады. Енді олардың барлық жағдайын жасау – біздің перзенттік міндетіміз».
«Айналайын-ай» дедік іштей сүйсініп. Бүкіл алаш «алтын баламыз» деп саған арқасын сүйеп, марқайып отыр. Бокстың ұрдажық төбелес емес, ұлы өнер екендігін дәлелдеген дарабозды дүниежүзіндегі барлық бокс мамандары таңдайын қағып мақтап отыр. Осындай алқалаған ағайынға сен өзіңнің ақыл парасатыңмен тағы да биіктеп кеттің. Отан деген ұлы ұғым ең алдымен отбасы құндылығынан басталады.
Біз бұрын мықты боксшы Данияр Елеусіновті ғана білетін едік. Жан сарайына үңіле бермейді екенбіз. Жер шарының бір қиырында жүріп, ата-анасының және ұлтының садағасы болған бауырым-ай, бүгінгі жастар үлгі алғысы келсе кеудесін бастырмас Алатаудай қасқайып сен тұр екенсің. Ұлттың батыры сенен үлгі алса, алаш баласы жаһанданудың өзінен басқаны ұмытатын жылымына түсе қоймас.
Бақтияр Т АЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44