Қобдалық Сайлау Матаевтың Ресейдің Самара қаласынан африкалық түйеқұстың балапандарын әкелгенін естіп, күре жол бойындағы қазақтың батыр қызының атын иеленген Әлия ауылына ертелетіп тартып кеттік. Мақсатымыз таңсық істі таңдаған жаңашыл азаматтың қолға алған шаруасын алда қалай жүргізуге бекініп отырғанын білу екені айтпаса да түсінікті.
Ауылдағылардың жазда күн көтерілгенше көсіліп жата алмайтыны белгілі. Сайлау да ертелетіп, шаруа жайымен шапқылап жүр екен. Бізді жылы қарсы алды. Сөз арасында бұрын-соңды бұл жақта болып көрмеген «ұзынтұралар» тұқымын жерлестері күнде қызықтап кететінін айтып өтті.
Былтырдан бері Самарадағы түйеқұс фермасына бірнеше рет барып, ондағы фермерлерден бұл құсты күтіп-баптаудың, өсірудің қыр-сырына қанығыпты. Содан тәуекелге бел буған екен. Оның ауласында қазір түйеқұстың 20 балапаны бағылуда. Болашақта бұл кәсіпті отбасылық бизнеске айналдыру да ойында бар.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Ақтөбе филиалы арқылы мемлекеттен аз пайызбен 1 миллион 700 мың теңге көлемінде несие алған жігітке бұл қаражат аздық етуде. Түйеқұстың әрбір балапанын 68 мың теңгеден алған Сайлау субсидия алудан да үмітті. Қазір ол жеке кәсіпкерлік ашу үшін құжаттарын әзірлеп бітті. «Жыл басында түйеқұс шаруашылығымен айналысатын фермерден әрбір балапанды 56 мың теңгеге сатып алатын болып келіскенбіз. Алайда, доллар құнының өсуіне байланысты баға көтеріліп кетті. «Шешінген судан тайынбас» дегендей, ұсынған бағаға келісуге тура келді. Сол себепті несие қаржысына жоспарлаған бірқатар шаруаларымды жүзеге асыруға қаражат қолбайлау болып тұр», – дейді ол.
Екі айлық түйеқұстар біраз «бой түзеп» қалыпты. Сайлаудың айтуынша, 1,5 жылда жылына 40 жұмыртқаға дейін береді. Ол осы жұмыртқадан балапан шығару үшін инкубатор сатып алмақшы. Инкубатор Ресейде 600 мың теңге тұрады. Сол үшін тағы да несие алмақ ниетте. Түйеқұс 70 жылға дейін өмір сүреді екен.
Әзірге түйеқұстың санын көбейтуді мақсат етіп отырған Матаев бұл құстың пайдасы шаш етектен екенін алға тарта әңгімеледі. Өзі өте өсімтал. Түйеқұстың еті мен жұмыртқасы жеңсік ас ретінде аса пайдалы. Әсіресе онкологиялық, асқазан-ішек және басқа ауруларға таптырмайтын ем. Бір жұмыртқасының салмағы 1,5 – 2 килосы тартады, бағасы 8 – 10 мың теңге шамасында. Бір жұмыртқасы он адамды тамақтандыруға жетеді. Етінің бір килосын 8-10 мың теңгеге өткізуге болатын көрінеді. Терісі, тұяғы, тұмсығы да кәдеге асады.
С.Матаев ауылдағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал мынау оның бос уақытында айналысатын хоббиі іспеттес.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан • Бүгін, 22:08
ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 21:28
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент • Бүгін, 20:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:20
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Бүгін, 19:54
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Бүгін, 19:34
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Бүгін, 18:58
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 18:42
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:29
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму жоспары таныстырылды
Президент • Бүгін, 17:15