Конституциялық құндылықтар дегеніміз – еліміздің Конституциясында көрініс тапқан, қоғам үшін басты талап болып табылатын әділдікті, теңдікті, еріктілікті қамтамасыз ете алатын, яғни өзара тепе-теңдікті сақтайтын әлеуметтік принциптердің, ұстанымдардың, басты өмірлік бағдарлардың жиынтығы. Мәселен, қолданыстағы Конституция тәуелсіз Қазақстанның әділдік қағидатына негізделген мүдделерін біріктіретін әлеуметтік топтарының, мемлекеттегі бұқаралық және жеке мүдделерді ортақтастыра алатын, жеке тұлғаның дамуына әмбебап жағдай жасайтын басты құндылықтары мен бағдарларын, принциптерін түпкілікті бекітті. Конституцияның рухы мен идеяларын күнделікті өмірге енгізу, қоғам өмірінің барлық жақтарын Конституцияға сәйкестендіру құқықтық, яғни мемлекеттік стратегиялық жоспарлау саясатының дәйектілігін талап етеді.
Конституциялық құндылықтарға адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтары, құқықтық мемлекеттілік, әлеуметтік мемлекеттілік, зайырлы мемлекет, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, патриотизм, идеологиялық және саяси әралуандылық (плюрализм), бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, меншік нысандарының бірдей қорғалуы, азаматтық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін шешуде демократиялық әдістерді қолдану, мемлекет аумағының тұтастығы, республикалық басқару нысаны, мемлекеттік биліктің біртұтастығы және заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, мемлекеттік тілдің мәртебесі және т.б. жатады. Конституциялық құндылықтар, конституциялық принциптер және конституциялық нормалар өзара ұқсас, себебі қоғам дамуындағы жалпы идеялар мен адамзат қоғамының басты ұстанымдарын, ең басты бағдарларды қамтиды.
Конституциялық құндылықтар – қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі. Тәуелсіз Қазақстан елінің азаматтарының саяси, азаматтық, көпұлттық бірлігі, болашағы біртұтас Мәңгілік Елді құру ортақ мұраты болып табылатын қазақстандық патриотизмнің негізін қалады. Еліміздің Конституциясында жалпыға ортақ танылған және Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап қалуды көздеген жоғары мүдделерді біріктіре алатын құндылықтар көрініс тапқан. Тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде мәңгі өмір сүру идеясы, еліміздің тұрақты дамуын, сондай-ақ ортақ тарихи тағдыры бар халықтардың біртұтас ұлт болып қалыптасуының басты құндылықтары Конституцияның алғы сөзі мен жалпы ережелерінде орныққан.
Қорыта келе, конституциялық құндылық дегеніміз – қоғам мен мемлекет дамуының белгілі кезеңінде мемлекетті қалыптастырушы әлеуметтік топтардың ортақ мүддесін қанағаттандыратын, олардың тарихы мен дәстүріне сүйене отырып анықталған, әділдік пен теңдікке негізделген арман-идеялар, әлеуметтік бағдарлар мен басты ұстанымдардың конституциялық-құқықтық көрінісі екенін айта кетпекпін.
Үнзила Шапаққызы,
заң ғылымдарының докторы

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13