27 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы  №59

233 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2016 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. Академияның Ректоры Ұ.С.Байжанов: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркельге жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.ДАУЫЛБАЕВ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы №59 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін анықтайды. 3. Білім алушыларды ауыстыру курстан курсқа, Академиядан басқа жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – ЖОО), басқа ЖОО-дан Академияға, Академияда бір мамандықтан екінші мамандыққа жүзеге асырылады. 4. Ауыстыру және қайта қабылдаудың міндетті талабы болып алдыңғы академиялық кезеңнің жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарының орындалуы және аралық аттестауды тапсыру табылады. 5. Білім алушыларды курстан-курсқа ауыстыру оқу жылының қорытындысы бойынша (аралық аттестаттау) үлгерімінің орташа балы Академияның Ғылыми кеңесімен ағымдағы оқу жылына белгіленген (GPA) ауысу балынан кем емес және жазғы семестр нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. 6. Білім алушыларды Академиядан басқа ЖОО-на ауыстыру, қабылдаушы білім беру ұйымының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 7. Академияда қайта қабылдау Академияда бұрын білім алған, сондай-ақ басқа ЖОО-да білім алған тұлғалар қатарынан жүзеге асырылады. Академиядан немесе басқа ЖОО-дан төмен үлгерімі немесе теріс себептер бойынша бұрын оқудан шығарылған тұлғалар Академияға қайта қабылдауға жатпайды. 8. Академияға шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде, меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт), сондай-ақ Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген), Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады. 9. Академияға ауыстыру және қайта қабылдау тиісті курста бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады. 10. Ауыстыру және қайта қабылдау туралы сұрақ Академия ректорымен кезекті академиялық кезеңнің басталуына дейін, күнтізбелік бес күн аралығында жазғы және қысқы демалыс кезеңінде қаралады. 11. Ауыстыру және қайта қабылдау кезінде білім алушының және/немесе білім алуға кандидаттың алдыңғы академиялық кезеңде оқыған жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтары анықталады. Оқу пәндері бойынша айырмашылықты анықтаған кезде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді. 12. Бір бос орынға ауыстыру немесе қайта қабылдауға бірнеше кандидат болған жағдайда, артықшылық үлгерімінің орташа балы (GPA) ең жоғары болған тұлғада болады. 13. Жұмыс оқу жоспарларының пәндері бойынша академиялық айырмашылықты Академия транскриптте немесе нысаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтамада көрсетілген зерделенген пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары және академиялық сағат немесе кредитпен көрсетілген көлемі негізінде айқындайды. 14. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою білім алушымен Академияның оқу-әдістемелік бөлімшесімен әзірленетін және Академияның жетекшілік ететін проректорымен бекітілген жеке кесте бойынша жүзеге асырылады. Білім алушы ағымдағы академиялық кезеңде бақылаудың барлық түрлерін тапсырады және қорытынды бақылауға рұқсат алады. 15. Пән бойынша академиялық айырмашылықты жою кезінде білім алушы қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда қайта тапсыруға жол берілмейді және Академиядан академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылуға жатады. 16. Академида бос қабылдау орындары туралы ақпарат Академияның интернет-ресурстарында жарияланады. 2. Ауыстыру тәртібі 17. Академияға басқа ЖОО-нан ауыстыру кезінде білім алушы Академия ректорының атына ол білім алған ЖОО-ның оқу ісі жөніндегі проректор және офис-тіркеуші қол қойған транскрипттің, ЖОО-ның басшысының атына ауыстыру туралы жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмесін қоса ұсынып еркін жазбаша нысанда ауыстыру туралы баянат жазады. 18. Академияның оқу-әдістемелік бөлімшесі күнтізбелік үш күн аралығында ұсынылған транскрипт көшірмесінің негізінде жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығын және меңгерілген пререквезиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді. 19. Академияға ауыстыру тәртібі бойынша оқуға қабылдау Академияның жетекшілік ететін проректорымен, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – ЖОКБИ) директорымен және оқу-әдістемелік бөлімше бастығымен алдын ала келісілгеннен кейін Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді. 20. Қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін үш жұмыс күн ішінде оның көшірмесі білім алушының бұрын оқыған ЖОО-на жіберіледі. 21. Академияда білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру, Академияға басқа ЖОО-нан ауыстыру тәртібіне ұқсас жүзеге асырылады. Академияда бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру туралы өтініш болғанда, басқа ЖОО-ның атына жазылған өтініштің болуы талап етілмейді. 3. Қайта қабылдау тәртібі 22. Білім алуға кандидат Академияда білім алушылар қатарына қайта қабылдану үшін академиялық анықтама (транскрипт) көшірмесін қоса ұсынып, еркін жазбаша нысанда қайта қабылдау туралы баянат жазады. 23. Академияның оқу-әдістемелік бөлімшесі күнтізбелік үш күн аралығында ұсынылған анықтама (транскрипт) көшір­месінің негізінде жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығын және меңгерілген пре­рек­везиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді. 24. Академияға қайта қабылдау тәртібі бойынша оқуға қабылдау Академияның жетекшілік ететін проректорымен, ЖОКБИ директорымен, оқу-әдістемелік бөлімше бастығымен алдын ала келісілген кейін Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13656 болып енгізілді.