27 Тамыз, 2016

Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27-08-16-Univer Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты конференция өтті. Конференция жұмысына облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жоғары және орта оқу орнының оқытушылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференцияның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов: «Халқымыздың басына сан түрлі қасірет әкелген Семей жеріндегі ядролық сынақтарды тоқтату – Тәуелсіз ел ретінде Қазақстанның алғашқы қабылдаған тарихи шешімдерінің бірі болды. Кемел ойдан туған кемеңгер шешім Қазақ елінің әлемдік өркениетке бейбітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде қадам басқанын көрсетті «, – деп атап өтті. Конференция барысында «Антиядролық қозғалыс – тәуелсіздік жаршысы», «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ізгі мұраты», «Манифест – жаһандық қарусызданудың негізгі құжаты» тақырыптарында баяндамалар оқылды. Сонымен қатар, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жастар бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы елелулі еңбегі үшін облыстың бірқатар азаматтарды облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов «Алғыс хатпен»  марапаттады. Талғат РАЙЫМБЕК 27-08-16-Univer 1