
- УЕФА Еуропа лигасының жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне бірден жолдама алады (қазір ол тек плей-офф раундынан кейін ғана келе алып жүр).
- Рейтингілері барынша жоғары төрт ассоциацияныың әрбірінің төрт клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне бірден түседі (қазір бұл төрттікті Испания, Германия, Англия және Италия құрап отыр).
- Мұнда ережелер жыл соңына дейін екі лига бойынша да жан-жақты жасалып шығады.
- Жаңа жүйе клубтардың коэффициенттерін есептеуден тұрады: клубтар тікелей жеке өздерінің коэффициенттері бойынша бағаланады, яғни ассоциацияларда жиналған ортақ ұпайлар бұдан кейін олардың нәтижелеріне әсер ете алмайды (тек клубтар коэффициенттері ассоциация коэффициентінен 1/5 бөліктен кем болған жағдайда ғана).
- Коэффициенттер есептелген кезде клубтардың бұл турнирдегі тарихи табыстары есепке алынады. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында жеңіске жеткен командалар қосымша ұпайлар алады.
- Екі турнирде де клубтар мен лигаларға бөлінетін қаржылар айтарлықтай ұлғайтылады.