28 Тамыз, 2016

Қазақстан әскері жас офицерлермен толықты

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын жоғары әскери оқу орындарының түлектері және осы жылы запасқа шығарылған әскери қызметшілер толықтырып жатыр. Осы күндері «Астана» өңірлік қолбасшылығында 46298 әскери бөлімінің базасында жас лейтенанттармен оқу-әдістемелік жиындар өтуде. Жиынның негізгі мақсаты – жас офицерлерді қызметке алып, жеке құраммен жұмыс істеудегі қызметін көрсету. «Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сіздер еліміздің қорғанысын нығайтуда, елімізді қорғауда үлгі болуға тиіссіздер», - деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жиын бастығы полковник Ермиян Бятов. Жас офицерлер қызметін атқару үшін Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне аттанады. Қазір Әскери-теңіз күштердің қатарын Қытайдың Әскери-теңіз академиясы, Санкт-Петербор қаласы Әскери-теңіз академиясы мен Құрлық әскерлерінің Әскери институтын бітірген  12 жас лейтенант толықтырды. Дастан КЕНЖАЛИН ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????