29 Тамыз, 2016

Неміс саясаткері: Обама Путинге бұлай демеуі керек еді

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-08-16-putin-obama

Батыс саясаткерлері Ресей президенті Владимир Путинмен қарым-қатынаста айтарлықтай үлкен қателіктерге жол беріп қойды. Енді соның жемісін өздері теріп, жеп жатыр. Германия бундестагіндегі солшылдар партиясының бұрынғы басшысы, немістің белгілі саясаткері Грегор Гизи осылай деп есептейді. Бұл ретте ол ең алдымен АҚШ президенті Барак Обаманың Ресейді аймақтық держава деп кемсіте атауының бекер болғанына назар аудартады. «Путин -  жолбарыстың қайраты бар күрескерлер тегінен, мұндай адамға ондай нәрселерді айтуға болмайды. Оның үстіне, Путин мен Обаманың жеке қарым-қатынастары да басынан жақсы болып қалыптаса қоймады. Қалай болғанда да, Путин америкалықтарға Сириядағы соғыста Ресейдің әлемдік деңгейдегі держава екенін толық танытып берді», - деді Гизи өзінің Die Welt газетіне берген сұхбатында. Ол Батыстың қателіктері қатарына сондай-ақ Югославияны бомбалауды, Ресейдің Шығыс Еуропадағы шекарасы бойына ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыруды, Украинаны батыс альянсына тартпақ болған әрекетті жатқызды. Грегор Гизи бұдан бөлек, Батыстың кезінде Косовоның бөлініп шығуында қандай рөл ойнағанын алға тарта отырып, Қырым үшін Ресейге қарсы санкция енгізудің түк керегі болмағанын атап өтті. Саясаткер енді Мәскеу Батысты әлсірету үшін кез келген батыл қимылға барады деп санайды. Ол сол мақсатта Түркиямен қарым-қатынасты қалпына келтіріп алады. Ол осыған байланысты Батыс лидерлері шешімдерінің ойланбастан жасалған әрекет ретінде атап көрсетеді. Мұрат АЙТҚОЖА