Елімізде ұлттық нақышта ою-өрнек тоқып, қазақтың төл туындысын насихаттап отырған топтар бар. Он саусағынан өнері тамған сондай қолөнер шеберлері қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да кездеседі. Тағдырдың теперішіне қарсы тұрған, сондай шеберлердің бірі – Жеңіскүл Дәулетова бүгінде әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдап, жұмыс жасауды жүзеге асырып келеді. Бұдан жеті жыл бұрын апатқа ұшырап, төсек тартып жатқанда, әжесі қолына ине-жіп ұстатып, тігіншілікке баулыған екен.
Алғашында әуестікпен басталған тігіншілік өнері қазір табыс көзіне айналды. Бүгінде ол өз білгенін өзгеге үйретіп, жастарды өнерге баулуда. Жеңіскүлдің фейсбук парақшасы арқылы алыс-жақын шетелдерден де тапсырыс түседі екен. Көздің жауын алатын түрлі бұйымдарға деген сұраныс күн сайын артуда. «Әсіресе, шетелдіктер біздің қошқар мүйізбен жасалған тұскиіз, жастық сияқты бұйымдарымызға тапсырыс береді», – дейді ол.
Биылғы жылы шебер қазақы қол өнердің барлық түрлерін, әсіресе, сұранысқа ие қыз жасауын жасауды, әдемі нақыштағы ою-өрнекті киімдер тігуді қолға алмақшы.
– Қаржы болса, қала орталығынан сән үйін ашып, жастардың төл өнерімізге келуіне өз үлесімді қосқым келеді, – дейді Жеңіскүл. Ұлттық бояуы қанық отандық өнімдеріміз шетелдіктер сұранысын қанағаттандырып, озық танылып жатса, қанеки!
Айман МҰҚЫШЕВА

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27