31 Тамыз, 2016

Қорғаныс министрі Ольга Рыпаковаға құрмет көрсетті

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? Бүгін Астанада Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жеңіл атлет, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері, Армияның орталық спорт клубының капитаны Ольга Рыпаковаға құрмет көрсетті. «Барлық әскери қызметшілердің және жеке өзімнің атымнан армияшы спортшылардың күш-жігерін атап өткім келеді. Соның ішінде Олимпиадада жеңіл атлетика жарысында  қола жүлдегер атанған біздің Ольга Рыпакованы құттықтағым келіп отыр. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы атап өткендей, Ольга Рыпакованың қола медалі алтын жүлдеге әбден лайық. Себебі, Лондон мен Рио Олимпиадалары арасында ол спорттық бабын сақтай отырып, екі рет ана атанып үлгерді. Дәл сіз секілді адамға қарап барша Қазақстанның жастары бой түзейді», - деді қорғаныс ведомствосының басшысы. Осыдан кейін Иманғали Тасмағамбетов Елбасының атынан спортшыға «Парасат» орденін, мерзімінен бұрын кезекті «майор» әскери атағы мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Кездесуде Ольга Рыпакова Елбасыға, Қорғаныс министрі мен АОСК-ның барлық басшылығына алғысын айтты. «Баршаларыңыз маған жанкүйер болып, қолдау көрсеттіңіздер. Қазақстан Республикасына және спортқа қызмет етемін! Мен әрі қарай да барлық әлемдік ареналарда өнер көрсетіп, еліміздің абыройын асқақтатқым келеді», - деді ол. Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі Ольга Рыпакова Риода өткен Олимпиадада үш мәрте секіруде 14,74 метр нәтиже көрсетті. Бұл оның маусымдағы үздік жеке нәтижесі болды. Дастан КЕНЖАЛИН ????????????????????????????????????