Қандай да бір елдің әлемге әйгілі брендтері сол елдің туристік тартымдылығын және инвестициялық тартымдылығын арттыратыны, өндіретін тауарларының танымал һәм сенімді болуына ықпал ететіні белгілі. Тіпті, брендинг мемлекеттің халықаралық аренадағы беделіне де әсер ете алады. Осы мәселеге орай, елімізде алғаш рет «Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін» анықтау жөніндегі республикалық байқау өтпек. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
– Сапалы елдік брендингке қашанда сол мемлекеттің шынайы жетістіктері негіз болмақ. Бұл дегеніміз халықтың білім деңгейі, инфрақұрылымды дамыту көрсеткіші, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тиімділігі, спорттағы және басқа да жетістіктері. Сонымен қатар, елдің имиджін сауатты түрде ілгерілету үшін онымен байланысты образдар, идеялар мен ассоциациялар креативті, қайталанбас әрі жадыңда жатталып қалатын символикамен біте қайнасуы керек. Осындай іргелі істі біздің еліміз де қолға алуда. Атап айтқанда, бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі конкурс басталады, – деді министр.
Министрдің айтуынша, брендті анықтайтын байқауға ұсынылған жұмыстар министрлік сайтында бір айға дейін қабылданады. http://mic.gov.kz/kk/competition сайтында байқаудың ережесі толығырақ көрсетілген. Қысқаша айтып өтер болсақ, өтінішпен бірге логотип, ұран, еркін формада жазылған және жұмыстың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін қысқаша тұжырымдама жолдануы тиіс.
Министрдің айтуынша, байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары интернетте дауыс беру арқылы анықталмақ. Министрлік сайтында көрсетілген түрлі брендтерге дауыс берген интернет қолданушылар 15 күн ішінде үздік деген жұмыстарды таңдайды.
Іріктеліп шыққан жұмыстар екінші кезеңде танымал қоғам және саяси қайраткерлерден, мәдениет пен өнер майталмандарынан жасақталған Сарапшылық кеңеске ұсынылады. Кеңес құрамында халықаралық сарапшылар да бар екенін айта кету керек. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен қатар, Сыртқы істер министрлігі құрылтайшы болған байқаудың жеңімпазына 5 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.
Арнұр АСҚАРОВ,
«Егемен Қазақстан»

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05