Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысушылармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Төраға Болгарияның Вице-президенті Маргарита Поповамен келіссөз жүргізіп, антиядролық форумдағы мазмұнды әрі жылы шырайлы сөздері және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін белсенді қолдағаны үшін мейманға алғыс айтты. Қ.Тоқаев Болгарияның ядролық қаруды таратпау саласындағы күш-жігері мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуі қажеттігіне қатысты елдің қағидатты ұстанымын құптайтынын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен Болгарияның парламентаралық байланыстарының жоғары деңгейін, сондай-ақ сауда-экономика саласында ынтымақтастықты арттырудың мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.
Астана антиядролық конференциясының қорытындылары Қ.Тоқаевтың Панафрика парламентінің Президенті Роджер Нкодо Дангпен кездесуінде де қаралды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Р.Дангтың Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған форумдағы сөзі Қазақстан халқымен ниеттестіктің көрінісі ғана емес, еліміздің Африка елдерімен қарым-қатынасын нығайтуға игі ықпал ететін болады. Еліміз ірі және ықпалды аймақтық парламенттік бірлестік – Панафрика парламентімен тығыз байланыстар орнатуға ықыласты, деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы заң шығару органдарының рөлі Сенат Төрағасының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-президенті, Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты Азай Гулиевпен, сондай-ақ Оңтүстік Африка Республикасы Парламентінің мүшесі Йоханнес Разерити Таумен кездесуінде талқыланды.
Сол күні Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану мәселелері жөніндегі бұрынғы Жоғарғы өкілі Серхио Дуартені қабылдады.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05