Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты дөңгелек үстел жиыны өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы қоғамдастығының белсенді мүшелері, Мемлекет басшысының серіктестері, ардагерлер мен мәслихат депутаттары, жұмысшылар, кәсіпкерлер, жастар ұйымы, діни конфессиялар, этномәдени орталықтар өкілдері, спортшылар, сот және прокуратура қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков биылғы ең басты мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына баса маңыз беріп, осы уақыт аралығында еліміздің барлық бағыттар бойынша толайым табыстарға қол жеткізгенін ерекше атап өтті.
«Мемлекет басшысы таңдаған сара жолдың жарқын болашаққа бастайтындығына және сол бағыт бойынша қаланған іргеміздің әрі қарай да нығая беретіндігіне ешқандай күмән жоқ. Ал табысты болашағымыздың кепілі ретінде Негізгі Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы қала бермек», деді өңір басшысы.
Қоғамдық санада мемлекеттің қолданыстағы құқығының қайнар көзі ретінде жоғары заңдық күші бар Конституцияның рөлі мен маңыздылығын нығайту және демократиялық әрі құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы ерекше тарихи орнын көрсетуді мақсат еткен дөңгелек үстел шарасының соңына таман Қарағанды облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, татулық пен келісімді нығайту ісіне қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05