01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №322

286 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
2015 жылғы 26 наурыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-55) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық, олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ___________ А.Б.Сәрінжіпов 2015 жылғы 13 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ___________ А.Ж.Күреңбеков 2015 жылғы 25 мамыр «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ___________ Н.Ә.Әбіқаев 2015 жылғы 12 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі 1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі: авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшының орынбасары); авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысының орынбасары; қарап тексеру бөлімшесінің бастығы; қарап тексеру бөлімшесінің бастығының орынбасары; қарап тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы; қарап тексеру бөлімшесінің аға инспекторы; қарап тексеру бөлімшесінің инспекторы; техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспектор; қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы; қауіпсіздік бөлімшесінің бастығының орынбасары; қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы; қауіпсіздік бөлімшесінің аға инспекторы; қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы; бақылау және бейнебақылау бекетінің инспекторы; рұқсат беру бюросының бастығы; рұқсат беру бюросының инспекторы; кинология бөлімшесінің бастығы; қызметтік иттердің жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі); әкімшілік бөлімшесінің бастығы; әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы; әкімшілік бөлімшесінің инспекторы; оқыту жөніндегі үйлестіруші-инспектор; сапаны бақылау жөніндегі аудитор; инспектор-профайлер. 2. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиа­ком­паниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметі: авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшысының орынбасары); авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысының орынбасары; авиациялық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы; авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспектор; авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор; сапаны бақылау жөніндегі аудитор; оқыту жөніндегі үйлестіруші-инспектор; авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші бас маман; авиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман. 3. Авиациялық қызметтерді және тұрақты емес әуе тасымалдарын орындайтын пайдаланушы: авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлға (бірінші басшысының орынбасары); авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспектор; авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары 1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар 1. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары (бірінші басшының орынбасары): 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім. Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де қорғалатын тұлғаларды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің келісімі бойынша тағайындалады. 3) жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады); 4) жасы кемінде жиырма бес жаста; 5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиация қызметкері ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын «Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 6) ИКАО оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат. 2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады); 3) жасы кемінде жиырма бес жаста; 4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиация қызметкері ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын «Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 5) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен немесе уәкілетті органмен сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында берілген авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат. 3. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары, авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкімшілік бөлімшесінің басшысы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсаттама бюросының басшысы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспектор лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары (техникалық, заң) немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады); 3) авиация қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретін­де кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркел­ген азаматтық авиацияның жоғары оқу орында­рының күндізгі бөлімін «Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» маман­дығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітірген­нен кейін авиациялық қауіпсіздік саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңы­ның 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 4) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталық­тарымен немесе уәкілетті органмен сертифи­катталған авиациялық оқу орталықтарында берілген авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесінің басшысы және оның орынбасарына ұшу алдында қарап тексеру бойынша сертификаты қосымша талап етеді. 4. Кинология бөлімшесінің басшысы, қызметтік иттердің аға жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) қызметтік иттерді жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасының азаматтығы; негізгі орта, орта немесе жоғары білім; кинолог курстарында оқығандығын растайтын құжат; жасы кемінде жиырма жаста; 5) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен немесе уәкілетті органмен сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында берілген авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат. 5. Қарап тексеру бөлімшесінің ауысым басшысы, қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым басшысы, қарап тексеру бөлімшесінің аға инспекторы, қауіпсіздік бөлімшесінің аға инспекторы, әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы, қарап тексеру бөлімшесінің инспекторы, қауіпсіздік бөлімшесі инспекторы, бақылау және бейнебақылау бекетінің инспекторы, рұқсаттама бюросының инспекторы, әкімшілік бөлімшесінің инспекторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім («Білім тура­лы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 3) жасы кемінде жиырма жаста; 4) авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат. 6. Оқыту жөніндегі үйлестіруші-инспекторы, сапаны бақылау аудиторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі; 4) жасы кемінде жиырма бес жаста; 5) ИКАО оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстардың бітірген туралы сертификат. 7. Инспектор-профайлер лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары («Психолог» мамандығы бойынша) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 3) жасы кемінде жиырма бес жаста; 4) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен берілген авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат. 2. Авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар 8. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары (бірінші басшының орынбасары): 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім. Қазақ­стан Республикасының Президентін және өзге де қорғалатын тұлғаларды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қыз­­метінің басшылары Қазақстан Республикасы Пре­­зи­­денті Күзет қызметінің келісімі бойынша тағайын­далады. 3) жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады); 4) жасы кемінде жиырма бес жаста; 5) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиация қызметкері ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын «Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 6) ИКАО оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат. 9. Авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орын­басары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады); 3) жасы кемінде жиырма бес жаста; 4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл қызмет өтілі немесе авиация қызметкері ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиацияның жоғары оқу орындарын «Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 5) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен немесе уәкілетті органмен сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында берілген авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат. 10. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім; 3) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 4) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе авиация персоналы ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркелген азаматтық авиациясының жоғары оқу орындарында «Әуе көлігімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырттай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 5) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орталықтарымен берілген авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы курстарын бітіргені туралы сертификат. 11. Авиациялық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші маман, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары (техникалық, заң) немесе орта (техни­калық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжаттармен расталады); 3) авиация қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе авиациялық қауіпсіздік маманы ретін­де кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе ИКАО-да тіркел­ген азаматтық авиацияның жоғары оқу орын­дарының күндізгі бөлімін «Әуе кемесімен тасымалдау кезінде авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру» маман­дығы бойынша оқу нысанын (күндізгі немесе сырт­тай) бітіргеннен кейін авиациялық қауіпсіздік саласын­да кемінде бір жыл жұмыс өтілі («Білім туралы» ҚР Заңы­ның 39-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 4) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орта­лықтарымен немесе уәкілетті органмен сертифи­катталған авиациялық оқу орталықтарында берілген авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат. 12. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспекторы, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспектор лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) негізгі орта, орта немесе жоғары білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 3) жасы кемінде жиырма жаста; 4) авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО оқу орта­лықтарымен немесе уәкілетті органмен сертификат­тал­ған авиациялық оқу орталықтарында берілген авиа­циялық бойынша курстарын бітіргені туралы сертификат. 13. Оқыту жөніндегі үйлестіруші-инспекторы, сапаны бақылау аудиторы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіби) білім («Білім туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес құжат түрінде расталады); 3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі; 4) жасы кемінде жиырма бес жаста; 5) ИКАО оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша курстардың бітірген туралы сертификат. 14. Авиация қауіпсіздігі қызметінің басшыларын, азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздігі бойынша жауапты адамдарды тағайындау үшін ресімдейді және ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне келісуге жібереді. Мынадай құжаттар қажет болады: 1) жұмыс өтілін және бұрын ұйымдарда, министр­ліктер мен ведомстволарда атқарған қызметін көрсете отырып, ұсыным; 2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) ИКАО-да тіркелген, азаматтық авиацияның оқу орны берген сертификат көшірмесі («Әуе жолдары бойынша тасымалдау кезінде авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ИКАО-да тір­келген азаматтық авиацияның жоғарғы оқу орын­дарының түлектері үшін дипломды алған күннен бастап үш жыл ішінде сертификатты ұсынудың қажеті жоқ); 4) оқу орнын бітіргені туралы дипломның (куәліктің) көшірмесі; 5) жұмыс өтілін растайтын құжат; 6) 4 х 5 см өлшемдегі үш фотосурет (бас киімсіз). 15. Сот шешімімен сотталған және айыбын өтеген, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға құқығынан айырылған, жемқорлық құқық бұзушылықтармен немесе өзге де жағымсыз себептермен байланысты мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ медициналық және психиатриялық ауытқулармен: психикалық дамуы­ның тежелуі, психикалық ауытқулар, сонымен қатар ремиссия, эпилепсия және синкопалды жағдайлар (талып қалу), алкогольге құмарлық, есірткі құмарлық, токси­комания, соның ішінде тұрақты ремиссия жағдай­ларындағы адамдар қызметке қабылдануға жатпайды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 маусымда Норма­тивтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу­дің тізіліміне №11440 болып енгізілді.